Ұйымдар тізімі
23.09.2026
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар сараптамасы
2026 жылғы 4–17 қыркүйек аралығында №19 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – татулықтың тұғыры» тақырыбында тілдер онкүндігі ұйымдастырылып, бекітілген жоспарға сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, көптілділікті насихаттау, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, өзге тілдер мен мәдениеттерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Онкүндік 4 қыркүйек күні «Тіл – татулықтың тұғыры» тақырыбындағы Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінің салтанатты ашылуымен басталды.
2026 жылғы 8 қыркүйекте №19 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарының бірлігінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара 308 кабинетте, қазақ тілінде білім алатын 5–6 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараның өткізілу тілі – орыс тілі. Дөңгелек үстелдің ұзақтығы 35–40 минутты құрады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілдің қоғамдағы және ел өміріндегі маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақ тіліне деген құрметін арттыру, Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің ана тілдері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың мәдени қарым-қатынас жасау, өз ойын еркін жеткізу, пікірін дәлелдеу және өзге адамның көзқарасын тыңдау дағдыларын дамыту көзделді.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар мемлекеттік тілдің маңызы, тілдің қоғамдағы рөлі, тіл мен мәдениеттің байланысы, көптілділік және халықтар арасындағы достық пен бірлік туралы пікір алмасты.
Оқушыларға тақырып бойынша түрлі сұрақтар ұсынылып, олар өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік тіл елге не үшін қажет?», «Өз тіліңді жақсы көріп, басқа тілдерді құрметтеуге бола ма?» деген сұрақтар төңірегінде пікірталас жүргізілді. Оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, дәлел келтіріп, бір-бірінің пікірін тыңдауға және құрметтеуге үйренді.
Іс-шараның танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «Тілдік көпір», «Бірлік сөздері», «Ал сен қалай әрекет етер едің?» атты цифрлық интерактивті тапсырмалар қолданылды. Оқушылар «Отан», «Достық», «Бірлік», «Бейбітшілік», «Құрмет» ұғымдарымен жұмыс жасап, тілдік қиындықтарға тап болған адамдарға қолдау көрсету, өзара түсіністік пен сыйластық туралы ой бөлісті.
Қорытынды бөлімде оқушылар «Бірлік ағашы» атты рефлексиялық тапсырманы орындады. Оқушылар бірліктің негізі достықтан, өзара құрметтен, түсіністіктен, мейірімділіктен, көмектесуден және бір-бірін тыңдай білуден басталатынын атап өтті.

2026 жылғы 10 қыркүйекте №19 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқының тілдері күніне арналған тілдер онкүндігі аясында 5–8 сынып оқушылары арасында «Ахметтің аманаты – ана тілі» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын ояту, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сайыс барысында оқушылар қазақ ақын-жазушыларының өлеңдері мен әдеби шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, өздерінің сахналық мәдениетін, көркем сөйлеу шеберлігін, дауыс ырғағын, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар шығармалардың мазмұнына сәйкес дауыс мәнерін, интонация мен қимыл-қозғалысты орынды пайдаланып, көрермендерге әсерлі жеткізуге тырысты.
Іс-шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының ана тіліне, ұлттық құндылықтарға және білімге қатысты мұрасының маңызын түсінді. Ақын-жазушылардың шығармалары арқылы оқушылар туған жер, ана тілі, елдік сана, ұлттық рух, адамгершілік және отансүйгіштік тақырыптарымен танысты.
Сайыс оқушылардың бойында ана тіліне деген құрметті қалыптастырып, олардың кітап оқуға, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, сахнада еркін сөйлеу, көпшілік алдында өз ойын жеткізу және шығарманы эмоционалды түрде орындау дағдыларын жетілдірді.
«Ахметтің аманаты – ана тілі» мәнерлеп оқу сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақ әдебиетінің құндылықтарымен танысып, ана тілін құрметтеудің маңызын түсінді. Сайыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көркем сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық рухты насихаттауға бағытталған мазмұнды іс-шара болды.

Толық ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіздер: https://cloud.mail.ru/public/kU8N/UCzxCQYyT