"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Фонематикалық қабылдауын және фонематикалық есту қабілетін дамытатын ойындар мен жаттығулар.

Фонематикалық қабылдауын және фонематикалық есту қабілетін дамытатын ойындар мен жаттығулар.

Ата-аналар мен мұғалімдерге  ұсыныстар

 

Логопед-мұғалімі ИскендироваА.А.

 Фонематикалық қабылдау– сөздің құрылымындағы дыбыстарды ажыратуға бағытталған ойлау іс- әрекеті. Естудің қалыпты дамуы фонематикалық қабылдаудың дамуының басты шарты болып табылады.

Фонематикалық есту дегеніміз балалардың ана тілі дыбыстарын қабылдап, ажырату және мағынасын түсіне білу қажет. Фонематикалық есту қабілеті арқылы бала адам дауысының жуан, жіңішке,екпін,ырғаған ажырата алады.

Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамуын ойындар арқылы дамытуға болады.Ойын– балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою,есту) арқылы байқалады. Қазіргі кезде фонематикалық жетілмеуі бар балалар көбейіп келеді.

Фонематикалық есту қабілеті дұрыс қалыптаспаған баланың сөйлеу тілі түсініксіз болады. Олардың көпшілігі жеке дыбыстары (с,з,ш,ж,р,л,қ,г,ц, т.б) дұрыс айта алмайды немесе дұрыс айта алған жағдайда сөз арасында дыбыстарды алмастырып айтады, әсіресе ұяң (ғ,ж,з) үнді (р,л) дыбыстарын дұрыс қабылдап, ажырата алмайды. Өйткені бала мектепке барған кезде ол дисграфияға (жазу қабілетінің  бұзылуы, грамматикалық  ережелерді  білгенімен сөздерді, сөйлемдерді  қате  жазады), дислексияға (оқи алмау, дауыстап оқудың  қиналуы, оқу  процесінің  бұзылуы) және тілдің жалпы жетілмеуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті бұл мәселе өзекті болып келеді. Балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі – ойын әрекеті болғандықтан, бұл тіл кемістігін ойын әрекетін қолдана отырып түзеткен дұрыс.

Фонематикалық қабылдауын тексеруге қажет тапсырмаларды жеңілден ауырға, жас ерекшеліктерін ескеру қағидаларына сүйене отырып жүйелеген дұрыс. Алдымен керекті дыбысты жеке, сосын буында, сөзде ажыратуға, талдауға бағытталған тапсырмалар беріледі. Алдымен баланың дыбыстық талдау қабілеті қандай денгейде екенін анықтап алу қажет. Ол үшін әр түрлі ойындар мен жаттығулар  ретімен жас ерекшелігін ескеріп пайдаланады.

1. Тапсырма: Мына сөздерде «Ш» дыбысын естігенде қолыңды көтер (алаша, қалаш, мысық, шана, т.б.)

2. Тапсырма: сөздің басындағы дауысты дыбысты атау. Алма, ешкі орақ орман, өрік, ыдыс,үйрек, әліппе, ілгіш,  ұшақ.

3. Тапсырма: Сөз басындағы дауыссыз дыбысты атау. Қалам, гүл,халат, кітап, маса, бөрік,сағат,тауық, лақ, шыбын.

4.Тапсырма: Сөз соңындағы дауысты дыбысты атау. Бала, оқушы, әже, ертегі,тау, қала.

5.Тапсырма: Сөздегі дыбыстың орнын, ретін, санын анықтау. Мысалы, «қас» сөзінде 1-2-3- дыбысты ата, барлығы неше дыбыс, дауысты дыбысты ата.

Фонематикалық жинақтауын дамыту үшін келесі тапсырмаларды  қолдануға болады:

1.Тапсырма: дыбыстардан сөз құрау ү, т,  с, к, ш, ұ,е, к,с , ш.

2.Тапсырма: буындардан сөз құрау қа ла ба ла ба ла пан кө бе лек.

3.Тапсырма: ретсіз берілген буындардан сөз құрау ма ал лық ба қа даш рын.

4.Тапсырма: берілген дыбыстар сөздің басында кездесетіндей сөз ойлау ш, с, р, л .

Фонематикалық қабылдауды дамытуға арнайы уақыт бөлінеді, қойылған дыбысқа байланысты әр түрлі жаттығулар мен немесе ойындар айтылған дыбысты есту, сондай–ақ есту қабілетін дамыту.
Баланың сөйлеу тіліндегі дамымаушылықтың қатарына дыбыстарды дұрыс айтпау, сөздік қатарының жетіспеуі, мәнерлеп айту тәсілдерінің дұрыс қолданбау, сондай-ақ шамадан тыс бос сөйлеу жатады. Осыған байланысты баалардың фонематикалық қабылдауы мен есту қабілеттеріне аса назар аудару керек.

Жаңартылған күні: 09.10.2019 21:24
Құрылған күні: 09.10.2019 21:26

Текст