Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында №19ЖОББМ педагог-психологтары С.Б.Бейсембаева, К.Н.Шакенова жас мамандарымен «Жас келсе іске...» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Жас мамандар «Жарық құмыра» тақырыбындағы видеороликті көре отырып, негізгі мазмұнының қандай тағылым беретінін ұшқыр ой, шебер тілмен әңгімелеп, өз ойларын ортаға салды.Қызықты психологиялық ойындар, тренигтер өткізіліп,мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру мақсатында әуенді терапия өткізілді.Тренингтен соң, кәсіби лайықтылықты анықтау «Сіз қандай мұғалімсіз?» деген жалпы диагностика өткізілді.Нәтижесінде диагностикаға қатысқан жас мамандардың 95% жүрек қалауымен келсе,5%кездейсоқ келгені анықталды.Жас мамандарға психологиялық ұсыныстар, кеңестер берілді.
Педагоги-психологи: С.Бейсембаева, К.Шакенова