"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар аутизмі

 Балалар аутизмі

Әрбір ата–ана баласы өмірге келгеннен соң,оның денсаулығы мықты болғаның қалайды. Ата–анасы баланың жасаған әрбір қимылына, сөйлеген сөзіне қуанады. Әр бала қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алшақ, өз әлемінде өмір сүреді. Оларды еш нәрсе қызықтырмайды. Осындай балалар қарым–қатынас жасауда, қоршаған ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Бұндай белгілері арқылы балада аутизмнің кейбір белгілерін байқауға болады. Әлемдегі барлық отбасылардың ішіндегі аутизмі бар баланы тәрбиелеуші отбасы, басқа ауытқуы бар бала тәрбиелеп отырған отбасына қарағанда көп зардап шегеді. Бұнын себебі:

- аутизмі бар балаларға қандай да бір көмек жүйесінің болмауы;                                                                        - аутист баланың отбасы тіпті жақындарының да адамгершілік қолдауынан айырылғаны;

- балаға деген аса тәуелділігі үшін анасының уақыты мен бостандығының шамадан тыс шектеулілігі;

- бала жағдайының барлық ауырлығын кенеттен ұғыну; т.с.с.

Аутизм – (гр. Autos – өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл – күйі.Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айырықша түрін белгілеу үшін еңгізген. Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым–қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психихалық ауыруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американдық психиатр Лео Каннер. Лео Каннер бойынша, ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:

- аутистикалық күйзелістер;

- стериотипі  үйреншікті;

- бір қалыпты мінез–құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.     

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен аурған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге, мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.

Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар,т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазалайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештенеге қызықпайды, кейбір сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Біреуден ұнаған затты көрсе, оны алмай тынышталмайтын да аутист балалар болады.

Жақын адамдарын алыстан танып, алдынан қуанып қарсы алады.

Аутист бала – ерекше, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады, бірақ кейбіреуі оны құшақтағанды және өзі ұнататын адамды искеуді және құшақтағанды ұнатады. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интелектісі)  дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бір нәрсе үйрету қиын. Ауыру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және өзіне айтқан сөздерге мән бермейді. Бірақ барлық бала ондай емес, кейбіруі атын атап шақырғанға көңіл аударады.

Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:

1. Аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулану, ешнәрсеге көңіл аудармаумен ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бірнәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын айтып шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай көңіл бөлмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанғанды, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары–бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиіспесең бірнеше сағат бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, қарсылық көрсетеді.

2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысы мен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немесе алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы: сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.

3. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген. Бет–әлпетінде қорқынышы бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз,бір сөзді қайталап береді, күрмелеп сөйлейді, олар кей кездері отырып–отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін–өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керсінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі - монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.

4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айтуды, алдауды білмейді.

Республикамызда арнайы білім орталықтары болғанмен, аутист балаларға сапалы білім көрсетілмейді. Көптеген ата–аналар аутизмі бар балаларды қалыпты өмірден алшақтап, үйде оқытуға мәжбұр.

Қорытындылай келсек, әлі де үмітімізді үзбей алдағы уақытта шет елдердің әдісімен аутист балаларымызды емдеуге мүмкіндігіміз көп боларына сенімдіміз. Аутизмге шалдыққан  баламен заманауи түзету технологиялары бар. Бұлар аутизмді түзетуге негізделген әдістер. Олар: ТЕЕССН, АВА, Son – rise, заттық терапия (сенсорлық интеграция және стимуляция). Сонымен қатар, аутист балалар суды өте жақсы көреді.Сондықтан оларды «жаңбыр балалары» деп атайды. Дамыған елдерде арнайы терапиы бар. Ол дельфиндермен емдеу. Дельфинотерапия арқылы аутист балалардың 70% -ы жазылып кетеді деген тұжырымдаманы ғалымдар дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, Қазақстанда емнің бұл түрі жоқ. Сондықтанда жылқымен серуендеу емін қазақтан артық білетін жан жоқ аутист балаларды ипотерапиямен де емдеуге болады.

Жоғарыда айтылған бағдарламалармен арнайы мамандармен бірігіп жұмыс істеген қаншама ата-ана, балаларын аутизмнен шығарып, талантын ашып отыр. Біз де маман ретінде осындай мүмкіндіктерімізді жіберіп алмауымыз керек.

Ата-аналарға ұсыныстар:

Аутизмі бар бала бір орнында  отырып ойнай алмайды, сондықтан әрбір істі оның ыңғайына келтіріп,  ойын арқылы өткізуге тырысыңыз;

 Ойын баланың даму деңгейі мен мүмкіншілігіне сәйкес келуі керек  және балаға үнемі көмек көрсетілуі қажет;

 Ойында еркіндік элементтері болуы керек;

 Әрқайсысы қызықты әрі жаңадан болуы үшін, үнемі ойын барысын  өзгертіп отыру қажет;

Аутизмі бар бала  ұзақ уақыт бір нәрсемен шұғылдана алмайтынын ескеру;

 Баланы басқа балалармен ойнауға үйрету;

 Баланың ұсақ моторикасын дамыту үшін: жіпке моншақтарды өткізу, пішіні, көлемі және түсі бірдей заттарды іріктеу, заттарды ыдысқа салу және оларды қайтадан шығару;

 Көлемді басқатырғыштар мен құрылыс кубиктері де заттардың пішіні мен түсін  ажыратуға көмектеседі және ұсақ моторикасын дамытады.

Ескерту: ойыншықтар таза және қауіпсіз болуы қажет.

            Аутизмi бар баланың әлеуметтік табыстылығы көп жағдайда, оның отбасының психологиялық қолдауына байланысты. Сонымен бiрге баланың проблемаларын дер кезiнде анықтап, оған дәрiгерлер, психологтар, педагог-дефектологтар, әлеуметтiк қызметкерлер, тәрбиешілер тарапынан көрсетiлетiн көмектер және қолдауды ерте жастан қажет болған уақытта көрсету және ата аналардың қолдауы, келісімі, үйден қайталауы маңызды.

              Аутизмi бар балалар өздерiнiң мүмкiндiктерiне және мiнез-құлықтарының ерекшелiктерiне қарай, жалпы бiлiм беру бағдарламаларымен бiрге арнайы(түзеу) бiлiм беру ұйымдарының бағдарламалары бойынша тәрбиелене алады. Бірақ медициналық көмектер қатар орындалуы керек.

               Аутизмі бар балаға өзiнiң басты проблемаларын, яғни қарым-қатынастағы және өзара әрекеттiк жағдайдағы қиындықтарды жеңу үшiн қатарларының, құрбыларынын, құрдастарының, кластастарының, достарының әдеттегi ортасы ауадай қажет екенін ескерген жөн.

              Балабақша мен мектеп оған тек тәрбие мен бiлiмді ғана берiп қоймайды, сонымен бiрге ең алдымен, басқа адамдармен бiрге өмiр сүру мүмкiндiгiн де үйретеді. Сондықтан, мұндай балаларды үйде оқу түрiне көшiрмей, мектепте қалдыру, яғни инклюзивті оқыту өте маңызды.

             Аутизмі бар баланы ауру немесе ауырады деп санаудың орнына, оның дамуы мен оқуына белгiлi бiр жайлы жағдай мен тәсiл қажеттiктен «өзгеше бала» деп санаған дұрыс.

              Қоғамның мiндетi – аутист балалардың құрдастарынан қалмай  балабақшада тәрбиеленуіне, мектепте мүмкіндігіне қарай оқуына және оған қажеттi тәсiлдердi пайдалануына жағдай тудыру қажеттілігіне түсіністікпен қарау.

педагог-психологтар:  Абдуалиева Р.С.

                                         Айтмагамбетова А.Ж. 

 

Жаңартылған күні: 16.04.2019 10:46
Құрылған күні: 16.04.2019 10:48

Текст