"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БҮГІНГІ МЕКТЕП.

БҮГІНГІ МЕКТЕП.

 

Бүгінгі күні білім беру еліміздің ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының  тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев  республиканың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіруі туралы міндет қойды. Осы мақсатқа жетуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады.

Мектептің әдістемелік кеңесі, оның құрамына директор Шаймерденов Қанат Қиянбекұлы және директордың оқу және тәрбие ісі бойынша орынбасарлары: Смагулова Набира Хасенқызы, Тохан Манаргүл, Белицкая Анна Васельевна, Мұқышева Гүлмира Әскерқызы, Қырқаева Гүлдерай Ахметпекқызы, Ибраева Айнұр Назынбекқызы кіретін мектеп әдістемелік кеңесі, сондай-ақ тәжірибелі педагог-мұғалімдерді оқыту сапасын арттыруға, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған жаңа идеяларды, жобаларды енгізіп, іске асырады.

2014 жылдан бастап мектеп инклюзивті білім беруді енгізу бойынша облыстық Ресурстық орталық болып табылады (облыстық білім басқармасының 13.02.2014 ж. №28 бұйрығы). Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:

Балалардың толыққанды тұлғалық өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім беру ұйымдарында бейімделу және түзету-дамыту ортасын құруға жәрдемдесу;

Облыстық білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне әдістемелік қызмет көрсету;

Инклюзивті білім беруді енгізу үдерістерін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу жүйесін қалыптастыру;

Инклюзивті білім беруді енгізу бойынша ресурстық орталықтың координаторы болып педагог-психолог Жангазина Алтын Еркенқызы жұмысын бастаған. Ол инклюзивті білім беруді дамытуда барлық бастамалардың бастамашысы болып табылды. Оның жұмысы ҚР БҒМ алғыс хатымен марапатталды.

Қазіргі таңда деффектолог Дмитириева-Лепешева Ольга Геннадьевна ресурстық орталығының үйлестірушісі болып жұмыс істейді.  

«Инклюзивті білім беру бойынша үздік ресурстық орталық (кабинет) » номинациясы бойынша құрмет дипломымен фестивальдің жеңімпазы Ақмола облысы, Көкшетау қаласының білім бөлімінің «№ 19 орта мектебі»  марапатталды. 

 

 

Оқушыларды жалпы білім беру үдерісіне қосуға жағдай жасау үшін мектеп психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі және психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум құрылды.

Арнайы сынып мұғалімдері Шинтемирова А.Ж., Саркенова А.Е., Бокейхан Л., БАЕҚ балаларына арналған арнайы сынып  оқушыларымен жұмыс істеудің оң тәжірибесін көрсетті. №19 орта мектептің мұғалімдері «Білім сапасын арттыруда мұғалімдердің көшбасшылығы» тақырыбында жобалар құру бойынша халықаралық бағдарламаға қатысып сертфикаттар иеленді. 

Алматы қаласы, №64 жалпы білім беретін орта мектебінде  Белицкая Анна Васильевна (19 ОМ оқу жұмысы бойынша мектеп  директорының орынбасары, физика және информатика мұғалімі) және Балғожа Замира Рашитқызы (№19 ОМ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі) семинарға қатыстысып,  Балғожа Замира Рашитқызы «Жаңартылған білім беру мазмұнының жағдайында  білім алуда  ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасау тәжірибесінен»  тақырыбында баяндама оқыды. Көкшетау қ. КММ «№19 орта мектебінің» ұжымы алғыс хат алды.

 
Жаңартылған күні: 04.04.2019 13:46
Құрылған күні: 04.04.2019 13:47

Текст