"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық Ресурстық орталығы ұйымдастырылған «ЕББҚ бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында қалалық оқыту семинарларының сериясын өткізу туралы

16.02.2023 жылы Көкшетау қаласындағы №17 мектеп-гимназия базасында қала мектептерінің «сөйлеуді дамыту» арнайы сыныптарында түзету компоненті мұғалімдеріне мен логопед-мұғалімдерге арналған «ЕББҚ бар оқушыларды логопедиялық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша оқыту семинарының 3-ші күні өткізілді. Іс-шараға қалалық білім бөлімінің инклюзивті білім беру мәселелері жөніндегі әдіскері Гүлнар Өмірбекқызы Жайлауова қатысты. Көкшетау қаласындағы № 17 мектеп-гимназиясының директоры Хасенова Раушан Серікқызы алғы сөз сөйледі, семинардың модераторы логопед-мұғалімдердің, дефектолог-мұғалімдердің ҚӘБ жетекшісі Бейсембаева Салтанат Жұмағалиқызы болды. Семинарда мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысын ұйымдастыру, мектепте логопед-мұғалімнің құжаттамасын енгізу, логопедтің оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау алгоритмдері, ЕББҚ бар балаларды логопедиялық сүйемелдеудің жеке түзету-дамыту бағдарламалары қарастырылды.

Орынд.: Федотова В.Ф.

 

Жаңартылған күні: 17.02.2023 11:02
Құрылған күні: 17.02.2023 11:02

Текст