Мұғалімдер күніне арналған іс шаралардың өткізілуі туралы ақпарат
2025 жылдың 29-30 қыркүйек күндері мектебімізде Мұғалімдер күніне арналған жоспарланған іс-шаралар толық көлемде жүзеге асырылды. Әрбір шара мектеп ұжымының, сынып жетекшілер мен оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Іс-шаралардың орындалуы:
«Ұстаз болу арманым» тақырыбындағы сынып сағаттары 1-11 сыныптарда өткізілді. Оқушылар ұстаздың қадір-қасиеті туралы пікірлерін айтып, эссе мен өлеңдер оқыды. «Ұстаздар әлемі» аясында табысты педагогтердің жетістіктері БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Ұстаздар әлемі» атты іс-шара аясында мектептің табысты педагогтері, түрлі кәсіби байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушылары және сынып жетекшілігінде жоғары жетістіктерге жеткен мұғалімдердің жетістіктері кеңінен насихатталды. Бұл шара ұстаз мәртебесін арттыру, олардың кәсіби жетістігін көпшілікке таныту мақсатында жүзеге асырылды.
https://www.instagram.com/reel/DPMTh44CkUN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPO4A9Pitir/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPRkNnZipGN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPS9nRlCuZK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPWCl71Cq7i/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Пәндер әлеміне саяхат» атты квест-ойын 2 ауысым мұғалімдеріне арналып ұйымдастырылды. Іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.
https://www.instagram.com/reel/DPMNvhtiti5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жүректен жүрекке – ұстазға алғыс» атты бейнеқұттықтаулар 5-11 сынып оқушылары тарапынан әзірленіп, сынып сағаттарында және әлеуметтік желіде жарияланды.
https://www.instagram.com/reel/DPLtlU-CqT0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPPRRLziurB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPQCcbJCs8V/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPSsrPjip3R/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPUisF5ikK3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Рахмет, ұстаз!» шығармашылық көрмесінде 1-4 сынып оқушыларының салған суреттері мен жазған хаттары қойылды. Бұл көрме үлкен қызығушылық тудырды.
https://www.instagram.com/p/DPD86k2DKk1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPMQ2ZjCm1K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Ең...ең ұстаз» онлайн дауыс беру байқауы 9-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен сәтті өтті. Мұғалімдерге түрлі номинациялар (Ең әділ, Ең мейірімді, Ең дана, т.б.) бойынша атаулар берілді.
https://www.instagram.com/reel/DPUhye_ihD0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPV5y-2DFHW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1 қазан күні «Ұстазға деген шексіз құрмет» атты педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу өтті. Шара барысында оқушылар ардагер ұстаздарға алғыстарын білдіріп, естеліктермен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DPUgDHaCtXw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Даналық ұстаздан» челленджі ұйымдастырылып, оқушылар сүйікті ұстаздарына арналған бейнеқұттықтауларын әлеуметтік желілерге жүктеді.
https://www.instagram.com/reel/DPQEXKtilcP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPS5srIioaL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPUedSNivCX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Дублер күні» – ұстаздар мерекесіне арналған өзін-өзі басқару ұйымының іс-шарасы. 3 қазан күні «Дублер күні» аясында 1-11 сынып оқушылары ұстаздар мен мектеп әкімшілігі рөлдерін атқарып, өздерін жаңа қырынан танытты. https://www.instagram.com/reel/DPWHw3nCkjB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Рақмет айту ағашы» жобасы жүзеге асып, оқушылар ұстаздарына арналған жылы лебіздерін арнайы жасалған символдық ағашқа ілді.
https://www.instagram.com/reel/DPXItBSiqZ4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
3 қазан күні «Ұстаз еңбегі – ел ертеңі» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Шара барысында оқушылар ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, өлең оқып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DPeJ4g9iiFU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Барлық іс-шаралар өз мерзімінде орындалып, жоғары деңгейде өтті.
Орындаған:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Таттыгожина А.К.