"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ізгі ниет!» тақырыбында іс-шаралардың орындалуы туралы анықтама

1  наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ізгі ниет!» тақырыбында  іс-шаралардың орындалуы туралы анықтама

Мектепте 2026 жылдың 23  ақпан - 02 наурыз аралығында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ізгі ниет!» тақырыбында  іс-шаралар өткізілді.

 

23-27 ақпан аралығында «Алғысымыз шексіз» атты бейнеқұттықтау ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушылары ұстаздарына және ата-аналарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Оқушылар өздерінің ризашылықтарын айтып, үлкендерге құрмет пен алғыс сезімдерін жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/DVOC-qsCdZA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DVOM4K0Ci25/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DVVK2v-ChPM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DVVLAYzikK4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DVVLMdViqQQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

24 ақпан күні 9-11 сыныптар арасында поэзия сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті ақындары Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұқағали Мақатаев шығармаларынан өлеңдер оқыды. Поэзия сағатының мақсаты - оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ақындардың шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

https://www.instagram.com/reel/DVxpn0oCpvt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

25 ақпан күні «Ата-анама мың алғыс» тақырыбында суреттер байқауы өтті.

Байқауға оқушылар белсенді қатысып, өз суреттері арқылы ата-аналарына деген алғыстары мен сүйіспеншіліктерін бейнеледі. Балалардың шығармашылық жұмыстары ата-анаға деген құрмет пен ризашылық сезімдерін көрсетті.

 

23-27 ақпан аралығында «Алғыс білдіремін» жәшігі мектепте ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің алғыс сөздерін жазып, арнайы жәшікке салды. Бұл шара арқылы оқушылар ұстаздарына, достарына және ата-аналарына ризашылықтарын білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DVP630CjAhp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

23-27 ақпан аралығында  «Алғыс - жүректен» атты челленджі ұйымдастырылды. 5-11 сынып оқушылары ұстаздарына және ата-аналарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Оқушылар өздерінің ризашылықтарын айтып, үлкендерге құрмет пен алғыс сезімдерін жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/DVVS4AtCkiI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DVVP47pipKL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DVVMSxeCnlo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

2 наурыз күні «Алғыс айту күні» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өтті. Сынып сағатында оқушылар өз жақындарына алғыстарын білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DVYE-OvCtJf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DVXv3FqiuqX/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Жалпы барлық жоспарланған іс-шаралар сапалы деңгейде орындалды. Оқушылардың белсенділігі жоғары болып, ұлттық валютаның ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығының символы ретіндегі маңызын ұғынуға мүмкіндік алды.

 

Орындаған: З.К. Темиртасова


Текст