"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық онлайн оқыту семинарларының сериясы шеңберінде «ЕББҚ бар оқушыларды арнайы педагогпен сүйемелдеу» тақырыбында семинар өткізу туралы

Жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибелерді тиімді енгізу бойынша мектеп педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында 17.04.2023 жылы облыс мектептерінің арнайы педагогтерге және жалпы білім беретін сыныптарда зерде бұзылыстары бар оқушыларды оқытатын мұғалімдерге арналған «ЕББҚ бар оқушыларды арнайы педагогпен сүйемелдеу» тақырыбында оқыту семинарының 4-ші күні өтті. Семинарда ҚР ОАМ Арнайы білім және инклюзивті білім беруді дамыту Ұлттық ғылыми-пратикалық орталығының өкілі Даурцева Галина Юрьевна “Ерекше білім беру қажеттіліктерді бағалау” тақырыбымен қатысушыларды таныстырды. Семинар модераторы Ақмола облысы білім басқармасы әдістемелік орталығының инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері, мұғалім-дефектолог, педагогика ғыл.магистрі Дмитриева-Лепешева Ольга Геннадьевна болды.

Семинарға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері де қатысты.

Көкшетау қ. Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының тифлопедагогы Асемгуль Жанбековна Кокишева «Көру бұзылыстары бар балаларды оқыту әдістері» туралы ақпарат берді.

№19 ЖОББМ ресурстық орталығының арнайы педагогтері І.Ә. Жанғали және А.Б. Нургасымова арнайы педагогтердің ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс істеудегі құжаттамасын жүргізу, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, ЕББҚ бар оқушыларды сүйемелдеудің жеке-дамытушы бағдарламаларын жасау мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында облыс педагогтері ЕББҚ бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша қызықтыратын мәселелерді талқылап, семинардың маңыздылығын атап өтті.

Орынд.: Жанғали І.Ә.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.04.2023 09:10
Құрылған күні: 19.04.2023 09:10

Текст