2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің апталығын өткізу туралы анықтама
№ 19 жалпы орта білім беретін мектебінің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары 2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің апталығын өткізді.
Мақсаты: арнайы мамандар мен мектеп педагогтері арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту бойынша өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе тараты және өзін-өзі жетілдіру.
Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, педагогтері, арнайы мамандар, ата-аналар.
Апталық келесі бекітілген жоспар бойынша өткізілді:
№ пп |
Жұмыс мазмұны |
Күні, уақыты |
Кабинет |
Жауапты |
1 |
ППҚҚ апталығының ашылуы |
07.04.2025 ж. 7:30-8:00 |
Фойе |
ППҚҚ мамандары |
2 |
ЕББҚ бар оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен педагогтерге әдістемелік кеңестер өткізу |
07-11.2025 ж. (жеке жоспар бойынша) |
117 |
ППҚҚ мамандары |
3 |
8 Б сынып. Түзету-дамытушы жеке психологиялық жеке сабақ |
08.04.2025 ж. 8:00 |
116 |
Шакенова К.Н. |
4 |
7 Б сынып. «Қабылдауды дамыту» психологиялық жеке сабақ |
08.04.2025 ж. 15:00 |
116 |
Әйтен А.С. |
5 |
2 Д сынып. Тіл дамыту сабағы «Дені саудың тілі сау!» |
08.04.2025 ж. 18:30 |
117 |
Тайжанова С.С. |
6 |
8 Б сынып. Сабақтан тыс іс-шара «Үзілістегі ойындар» |
09.04.2025 ж. 11:25 |
3 қабат |
Шахманова А.К. |
7 |
6 Г сынып. «Құрмет көздері» атты тренинг өткізу |
09.04.2025 ж. 14:50 |
320 |
Кайрушева Д.А., Таттыгожина А.К. |
8 |
2 Ж сынып. "Қиялды, ойлауды дамыту" психологиялық топтық сабақ |
10.04.2025 ж. 12:30 |
117 |
Бейсембаева С.А. |
9 |
1 Д сынып. Жеке түзету-дамытушылық сабақ |
11.04.2025 ж. 11:40 |
117 |
Абдуалиева Р.С. |
10 |
Суреттер байқауы. ППҚҚ апталығының жабылуы. |
11.04.2025 ж. 13:00 |
117 |
ППҚҚ мамандары |
07.04.2025 жылы мектептің фойесінде ППҚҚ ашылуы өткізілді. Бұл іс-шарада ППҚҚ мамандары оқушылар мен мұғалімдер үшін әр-түрлі тапсырмалар, ойындар дайындады, ППҚҚ стенді безендірілді.
ППҚҚ апталығының ашылу іс-шарасы
08.04.2025 жылы мектептің педагог-психологы Шакенова К.Н. 8 «Б» сынып оқушысымен (Усербаев Муса) жеке түзету-дамытушылық сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: логикалық ойлауын дамыту. Кеңістіктік және конструктивті ойлауды дамыту, зейінді шоғырландыру. Оқу мақсаты: логикалық ойлауды дамыту.
Педагог-психолог Шакенова К.Н. сабағынан үзінді
08.04.2025 жылы мектептің педагог-психологы Әйтен А.С. 7 «Б» сынып оқушысымен (Джаппар Әселім) жеке түзету-дамытушылық сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: «Қабылдау қабілеті». Сабақтың мақсаты тыңдап қабылдауды, көріп қабылдауды, кеңістікте қабылдауды жетілдіру; қабылдай отырып есті жаңғырту, жаттықтыру; ұлттық құндылықтарды дәріптеуге баулу.
Педагог-психолог Әйтен А.С. сабағынан үзінді
08.04.2025 жылы мектептің педагог-психологы Тайжанова С.С. 2 «Д» сөйлеудің күрделі кемістіктері бар оқушылар үшін арнайы сыныпта Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: «Дені саудың - жаны сау!». Сабақтың мақсаты: буындық құрамының күрделігі, әртүрлі тұтас сөздерді оқу. Зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау.
Мұғалім-логопед Тайжанова С.С. сабағынан үзінді
09.04.2025 жылы мектептің педагог-ассистенті Шахманова А.К. 8 «Б» сынып оқушыларымен жеке сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара тақырыбы: «Қызықты үзіліс». Іс-шара мақсаты: сүйемелдейтін оқушыны қарым-қатынас жасауға үйрету, дамыту, оқушылардың ерекше қажеттіліктер бар оқушылардың жеке мүмкіндіктерін, қиындықтарын ескеру, толеранттықты таныту.
Педагог-ассистент Шахманова А.К. іс-шарасынан үзінді
09.04.2025 жылы мектептің әлеуметтік педагогы Кайрушева Д.А. 6 «Г», 6 «Б» -сыныптарында «Құрмет көздері» тақырыбында тренинг өткізді. Оқушылар «Ойла» және «Портрет» жаттығулары арқылы айналасындағы адамдарға құрметпен қараудың маңыздылығын талқылап, құрметтемеушілік көріністерін танып, сындарлы қарым-қатынас жолдарын іздестірудің жолдарын үйренді.
Әлеуметтік педгог Кайрушева Д.А. тренингтен үзінді
10.04.2025 жылы мектептің педагог-психологы Бейсембаева С.Б. 2 «Ж» ПДТ бар балалар үшін арнайы сынып оқушыларымен түзету-дамытушылық сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: Қиял, ойлау, есте сақтауды дамыту. Оқу мақсаты: ойын арқылы шығармашылық, стандартты емес ойлауды дамытуға ықпал етеді, баланың сөздік қорын байытып, сөйлеуін мәнерлі және эмоционалды етуге үйрету. Қиял ойындарын кез-келген жағдайлар арқылы өткізілді.
Педагог-психолог Бейсембаева С.Б. сабағынан үзінді
11.04.2025 жылы мектептің педагог-ассистенті Абдуалиева Р.С. 1 «Д» сынып оқушымен (Серік Сұлтан) жеке түзету-дамытушылық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: «Үй жануарлары». Сабақ мақсаты: ойлау процестерін, қарым-қатынас дағдыларын, сөйлеу элементтерін қалыптастыру.
Педагог-ассистент Абдуалиева Р.С. сабағынан үзінді
Орындаған І.Ә. Жанғали