"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушының үй жұмысын орындауына ата-ананың көмегі бойынша ұсыныстар

Оқушының үй жұмысын орындауына ата-ананың көмегі бойынша ұсыныстар

Бастауыш мектепте оқитын оқушыларды оқуға деген ынтасымен ұмтылысы жоғарғысынып оқушыларына қарағанда  анағұрлым жоғары болады. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің басты мақсаты оқушылардың оқуға деген қызығушылығын одан әрі нығайта түсу.

Осы мақсатта орындауды талап ету жұмыстары екі жақты яғни мұғалім мен ата-ананың тарапынан жүргізіп отырса ғана оң нәтиже береді. Сондықтан ата-ана баласының бірінші сынып табалдырығын аттаған күннен бастап, оның оқуына немқұрайлы қарамай, ондағы жетістігіне қуанып, тәртібі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге жиі назар аударып отыруы тиіс.

Ата-ана баласының оқуына көңіл бөлгенде оның әрбір сөзді дұрыс жазып , дұрыс оқуына назар аударып отыруына қажет. Ата-ана баласына назар аударғанда кейбір мәселені шеше алмағанда (сөздің дұрыс жазылуы, есеп шығаруға т.б.), оны кекетіп мұқатып, ар-намысына тимей дұрысын көрсетіп отыруы қажет. Себебі бұл оқушының оқуға деген алғашқы қадамдары білуге құштарлығы. Осы құштарлықты ұдайы қолдап отыруы қажет.

Ата-ана баланың оқуына толық жағдай жасауы (бөлек оқу бөлмесі, оқу оқитын белгілі уақыты, құралдар мен оқулықтары т.б.) керек. Бала мектепке барған күннен бастап оның тұрақты күн режимі болуы керек. Бала сабаққа дайындалған кезде оның еңбегіне құрметпен қарап , білмеген жерін сұраса, түсіндіріп, бөлмеде тыныштық сақталуы яғни жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалу қажет.

Егер баланың оқуына осындай мән берілсе, онда үй тапсырмасының толық орындалуының қажеттілігіне сенім артады. Ата-ана баланың сабақ дайындауда белгілі бір уақытта демалыс жасауын қадағалап, оны тұрақты әдетке айналдырғаны жөн.

Ата-ананың ең бір ескерер мәселесі баланың өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ата-ана сынып мұғалімімен пікірлесіп, сөздерді дұрыс оқуы және минутына қанша сөз оқуы жайлы біліп отырғаны дұрыс. Баланың кітап оқуда жалығып кетуінен сақтануы керек. Дауыстап оқудың пайдасы зор. Ата-ана дауыстап оқыту арқылы баланы көркем оқуға дағдыландырады, әрбір сөздің, дыбыстың дұрыс естілуіне назар аударады. «Ана тілінен» оқып отырған материал қызықты, тағылымды болса, оқушыдан дауыстап, мәнерлеп оқуды талап еткен жөн. Бұл баланың материалды толық меңгеруіне, ұмытуына көмектеседі.

                Егер ата-ана тарапынан баланың дұрыс білім алуына және білім негізі бастауыш сыныптарында екеніне нақты көңіл бөліп, оның үй тапсырмасын орындауда көмекті қажет етпегеніне қол жеткізсе мақсаттың орындалғаны.

Ата-аналар баланың үй тапсырмасын әсіресе, жазбаша тапсырмаларды орындауда мына шарттарға назар аударуын талап етеміз. Олар:

1.     Жазбаша жұмысты орындауда ең бірінші ережені оқып, соған сай орындауы;

2.     Жаңа немесе түсініксіз сөз кездессе, бұрынғы жазғандарға қарап, қате жібермеу;

3.     Мәтінді түгел оқып соңғы рет тексеріп шығу.

Ата-аналар баланың есеп шығаруын тексергенде мына шарттарды орындағаны жөн:

1.     Берілген есепті оқып шығып, ойлану;

2.     Есептің шығару жолдарын баламен ойласып жобалау;

3.     Есептің сұрағын қайталап оқып, балаға шартын түсіндіру қажет. Содан кейін жауабын бірден беруге болады.

Осындай жағдайлар ескеріліп отырса, баланың үй тапсырмасын орындауда өзіндік жұмыс істеуде оқуға жауапкершілігін арттырады.

Оқушы бастауыш  сыныптарда мұғалімнің жетекшілігімен және атааналарының күнделікті көмегімен тиянақты білім алып, білімге қызығушылығы өмір бойы тұрақты қалыптасады.

 

 

 

Мұғалім-дефектологтар: Жанғали І.Ә.

Нургасымова А.Б.

 

Жаңартылған күні: 25.09.2020 09:13
Құрылған күні: 25.09.2020 09:13

Текст