"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Физика және информатика апталығында өткізілген іс-шаралары бойынша ақпарат

Физика және информатика апталығында

өткізілген іс-шаралары бойынша ақпарат

 

2020-2021 жылының 18-22 қаңтар аралығында мектебімізде физика, информатика апталығы өтті. Апталық 18.01.2021ж. бекітілген жоспар бойынша өткізілді және апталықты өткізудің мақсаты:

  • Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілеттерін арттыру;
  • Физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету;
  • Физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;

 Апталық 18.01.2021ж. күні онлайн zoom платформасында ашылды, апталықтың ашылуына 5-11 сыныптар оқушылары мен физика және информатика пәндер мұғалімдері қатысты. Презентация мен жоспар әзірленді. Пәндер бойынша көрермендермен ойындар, қызықты сұрақтар, жұмбақтар қойылды. Жалпы ашылу салтанатына презентация көрсетіліп, ұлы ғалымдардың нақыл сөздерімен басталды. Және де сөз соңында апталықтың жоспарымен оқушылар таныстырылдыі.  Жоспарға сай мынадай іс – шаралар өтті:

  • «Күн жүйесіне саяхат» тақырыбында  физика пәні мұғалімі Бокейхан Лаура 7 «Б» сыныбымен сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақ ZOOM платформасында онлайн жүйесінде өтті. Қашықтықтан білім беруді ескере отырып бұл сыныпта сабақты жақсы көңіл-күймен бастап, сабақтың мақсаты анықталып, тапсырмалары орындалдыИнформатика пәнінен 10 «В» «Форматирование текста (шрифт, абзац, списки)» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ибраева Сауле Даутовна. Сабақ ZOOM платформасында онлайн жүйесінде өтті. Сабақ барысында сынып түгел белсенді ат салысты, әр тапсырмадан кейін мұғалім оқушыларды мақтап, мадақтап отырды. Физминуткада көзге арналған жаттығулар жасалды және де «Дешефратор» және «Змейка» ойындары ойналды. Сабақ соңында үй тапсырмасы және смс хаттар жолдау арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

  • «Информатика әлеміне саяхат» сыныптан тыс сабағы 7 «В» сыныбымен өтті. Пән мұғалімі Болат Серікгүл. Сабақ ZOOM платформасында онлайн жүйесінде өтті. Оқушылар белсене қатысты, әр оқушы өз білімін көрсете білді іс-шара  мақсаты орындалды.
  • «Физика қызықты әлемде» сыныптан тыс сабақ 7 «Г» өтті. Пән мұғалімі Курмансеитова Бағлан Социаловна. Сабақ ZOOM платформасында онлайн жүйесінде өтті, сабақ қызықты және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.
  •  «Сила тока»  тақырыбында 8 «Г» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті пән мұғалімі Касымов Естай Тилектесович. Сабақ ZOOM платформасында онлайн жүйесінде өтті. Оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен әртүрлі физикалық құралдарды қолданудың тиімділігі қарастырылды

22.01.2021ж апталық өз мәресіне жетті жабылу салтанаты өтті.

Жаңартылған күні: 14.02.2021 22:16
Құрылған күні: 14.02.2021 22:16

Текст