"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» біліктілікті арттыру курстары

«Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» біліктілікті арттыру курстары

 

Қазақстан Республикасының инклюзивті және арнайы білім беруды дамыту педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» біліктілікті арттыру курстарының қорытындылары шығарылды.

Курстар 6 сәуірден бастап 16 сәуірге дейін жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің арнайы педагогтары, психологтары, логопедтері, педагог – ассистент-мамандары үшін онлайн режимінде өткізілді. Курс қазақ тілінде өткізілді.

Тыңдаушылар инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері туралы негізгі ұғымдар мен түсініктерді игерді және қортындылады, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мен қанағаттандырудың үш деңгейлі тәсілімен, оқытудағы қиындықтардың психологиялық-педагогикалық жіктемесімен танысты.

Жаңартылған білім беру мазмұны мәнмәтінінде мақсатты тұжырымдауға заманауи көзқарас талданды (нәтижеге бағдарланған), білім алушылардың қажеттіліктерін анықтауда қалыптастырушы бағалаудың рөлі туралы түсініктемелер берілді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытатын мамандар мен педагогтарға жеке көмек көрсетудің бейімдеу стратегиялары мен әдістемелеріне шолу жасалды.

№ 19 ЖББМ мектеп педагог-психологы Абдуалиева Роза Серікбайқызы қатысты.

Орындаған: Жанғали І.Ә.

Жаңартылған күні: 18.04.2021 19:22
Құрылған күні: 18.04.2021 19:22

Текст