"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Отбасы күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы ақпарат 7-11 қыркүйек

Отбасы күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы ақпарат

7-11 қыркүйек

 

 Қыркүйектің 7 күні 1-11 сыныптарда «Отбасы – алтын бесігім» тақырыбында оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында сынып сағаттары өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/Dc-cDwZKm6h/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/Dc-jflXKVlh/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

09.09.2026 ж. 8-9 сынып оқушыларымен «Отбасы - тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылармен отбасы құндылықтары, ата-анаға деген құрмет, өзара түсіністік пен сыйластық туралы пікір алмасып, қызықты психологиялық жаттығулар орындалды. Әр отбасы  бала үшін жылулық пен тәрбиенің бастауы.  

https://www.instagram.com/reel/DdG1dV_K2o2/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

Мектеп медбикесі Г.Е.Айтқожина  10 қыркүйек күні  оқушылармен «Баланың денсаулығы – отбасының ортақ жауапкершілігі» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға денсаулықты сақтау, жеке бас гигиенасын ұстану, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Бала денсаулығына қамқорлық жасау - мектеп пен отбасының ортақ міндеті!

https://www.instagram.com/reel/DdGuJLYqJ9-/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

11 қыркүйек күні мектебімізде Отбасы күніне орай 4-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында отбасылық спорттық эстафета өтті.
Сайысқа әке, ана және бала бір команда болып қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын сынға салды. Қатысушылар ұйымшылдық пен белсенділіктің тамаша үлгісін көрсетті. Шараның мақсаты - отбасы бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы байланысты арттыру.

https://www.instagram.com/reel/DdJKYMGq1BJ/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

«Менің отбасым – менің тірегім» челленджі-2026 жылдың қыркүйек айында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» бағыты аясында Отбасы күніне арналған «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты челлендж ұйымдастырылды.Челлендждің басты мақсаты – оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтар негізінде отбасы тәрбиесінің маңызын дәріптеу болды. Іс-шара барысында әр сынып оқушылары мен ата-аналары отбасының бірлігін, өзара сыйластығын бейнелейтін шағын видеороликтер, суреттер мен шығармашылық жұмыстар ұсынды. Сонымен қатар челлендж аясында әлеуметтік желілерде #Otbasym2026 хэштегімен фото және бейнематериалдар жарияланып, ата-аналардың белсенділігі артты. Көптеген отбасылар қазақы дәстүрлерді дәріптеп, дастархан басындағы, еңбек пен спорттағы бірліктерін көрсетті. Бұл балаларға отбасылық құндылықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік берді. Челлендж соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, үздік отбасылардың жұмыстары мектептің ресми парақшасында жарияланды.

 https://www.instagram.com/reel/DdGkTOFKZEJ/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DdGkMLAKoLW/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DdGkb-sqvUt/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DdGkfGQqIGo/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DdI0-s7KtnA/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DdN5djpq0md/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DdN5TYLqaMq/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DdOk57pq-KG/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

Орындаған:         Темиртасова З.К.


Текст