Буллингтің алдын алу мақсатында 4-сынып оқушыларымен «Буллингтің алдын алу», «Буллинг дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме өткізілді. «Буллинг дегеніміз не?» буллингтің алдын алу, қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу,оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату мақсатында тақырыбында психологиялық сағаттар өткізілді.
Қазан айында Ақмола облысы білім басқармасы рсихологиялық қолдау орталығы ұйымдастырылған «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысатын оқушылардың ата-аналарынан, заңды өкілдерінен сауалнамаға қатысу үшін келісім алынды. Алынған келісім бойынша 513 оқушы қатысты. Сауалнама барысында мектеп өмірінде зорлық-зомбылық анықталмады.