Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы
Анықтама
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектепте 2025 жылдың 9–15 желтоқсан аралығында бекітілген жоспарға сәйкес тәрбиелік, танымдық, спорттық және шығармашылық бағыттағы іс-шаралар ж түрде өткізілді.
09.12.2025 күні 5–11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздікке 100 сұрақ» атты көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік тарихына, мемлекеттік рәміздерге, ел жетістіктеріне қатысты сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Іс-шараны тәлімгер мен мектептің өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды.
https://www.instagram.com/reel/DSDJHClijXd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSDGiB4CiO0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10 желтоқсан күні 7-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» тақырыбында диктант жазу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сауаттылығын арттыру және патриоттық танымын қалыптастыру. Диктант қорытындысы шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DSMe3sbCj53/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DSSFXpkCm8R/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11 желтоқсан күні 3–4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар өз жұмыстарында Отанға деген сүйіспеншілігін, бейбіт өмір мен туған жердің көркемдігін бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар I, II, III орындармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DSKmaXcig-_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сонымен қатар 10 «Б» сыныбында тарих пәнінің мұғалімі Биржанова М.У. «Егемендік – елдің баға жетпес игілігі!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында тәуелсіз елдің жетістіктері мен болашағы туралы мазмұнды пікірлер айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DSHnfpmihhE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Апта бойы 5–11 сынып оқушыларының жетістіктері туралы әлеуметтік желілерде бейнероликтер жарияланып, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен мектеп өміріне қызығушылығы артты.Бұл жұмыстарды сынып жетекшілері ұйымдастырды.
https://www.instagram.com/reel/DSSD4wNCvDL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSRX3OwigMg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSNe3RNir1c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSMt6MPCjMn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSHkqdiik2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Желтоқсанның 12 күні 6-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты спорттық эстафета өтті. Оқушылар салауатты өмір салтын насихаттап, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Жеңімпаз сыныптар анықталып мадақтама қағаздарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DSKlGohiioP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15.12.2025 күні 8–11 сыныптар арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат ойыны ұйымдастырылып, «Тәуелсіздік – жастардың жауапкершілігі» тақырыбы талқыланды. Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдеп, шешендік қабілеттерін дамытты.
15 желтоқсан күні 1–11 сыныптарда «Қазақстан Тәуелсіздігі – мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, ұлттық құндылықтар мен патриоттық тәрбие мәселелері кеңінен қамтылды.
https://www.instagram.com/reel/DSRsnUUCu9R/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSCBlPiioP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSEopNitTn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSGV5ECoE9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSKjDZCsoL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSK0fuigc3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSLgrSiknr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSOFo_iuXE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSLgrSiknr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==
https://www.instagram.com/reel/DSSK0fuigc3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSSMy6XCvr4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жалпы өткізілген іс-шаралар оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, тәуелсіз елдің азаматы ретінде жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Орынд. А.К.Таттыгожина