"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы бойынша облыстық оқыту семинарларының сериясын өткізу туралы

Әдістемелік орталықтың инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің және Көкшетау қ. N19 ЖОББМ Инклюзивті білім беруді дамытудың облыстық ресурстық орталығының жұмыс жоспарларына сәйкес, мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибені тиімді енгізу үшін 2023 жылы 12 сәуір мен 19 сәуір аралығында облыс мектептерінің мұғалімдеріне «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында оқыту семинар сериясы жоспарлануда.

Қатысушылар: инклюзивті және арнайы білім беру тәжірибелерін іске асыратын педагогтер (арнайы және жалпы білім беретін сыныптардың пән мұғалімдері, ЕББҚ бар балаларды оқытатын мұғалімдер; мұғалім-логопедтер; педагог-психологтар; арнайы педагогтар (дефектологтар)); педагог-ассистенттер; облыстың тірек мектептерінің инклюзивті тәжірибелерді енгізуге жауапты директорлардың орынбасарлары, үйлестірушілері және жауаптылары

Шақырылғандар: ҚР ОАМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының және ҚР ОАМ Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, Көкшетау қ. облыстық ПМПК мамандары; Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру Кеңесінің мүшелері; арнайы мектептердің ППҚҚ мамандары мен педагогтері.

 

Семинарлар ZOOM арқылы онлайн форматында өтеді.

 

Инклюзивті білім беру үйлестірушісі І.Ә. Жанғали


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.04.2023 12:33
Құрылған күні: 14.04.2023 12:33

Текст