Ұйымдар тізімі
2026-2027 оқу жылы Көкшетау қаласы №19 ЖОББМ
«Отбасы тәрбиенің басты ұясы»тақырыбында 8-9 сыныптар арасында өткізілген психологиялық тренинг
2026 жылдың қыркүйек айында 8–9 сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.Тренингтің мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызды рөлін түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызын ұғындыру. Сонымен қатар оқушылардың эмоционалдық мәдениетін, қарым-қатынас дағдыларын және өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту көзделді.Тренинг барысында оқушылармен отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара көмек, түсіністік, құрмет пен жауапкершілік туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар өз отбасындағы жағымды қарым-қатынастар туралы ой бөлісіп, отбасының адамға беретін жылуы мен қолдауы жөнінде пікірлерін білдірді.Тақырыпты оқушыларға тереңірек түсіндіру мақсатында бірнеше психологиялық тренинг элементтері бар жаттығулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, оқушылардың бір-бірін тыңдау, өз ойын ашық жеткізу, жағымды эмоция қалыптастыру, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы мен қолдауын сезінуіне бағытталған жаттығулар жүргізілді. Жаттығулар барысында оқушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін еркін білдірді.Тренинг соңында оқушыларға отбасы – адамның тұлға болып қалыптасуына әсер ететін алғашқы әлеуметтік орта екендігі, отбасындағы жылулық, мейірімділік, сыйластық пен қолдаудың әр адамның өмірінде маңызды орын алатыны түсіндірілді.Тренинг барысында оқушылар отбасы құндылықтарының маңызын түсініп, ата-анаға құрмет көрсету, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, бір-бірін қолдау және түсіну қажеттілігі туралы ойларын ортаға салды. Тренинг өз мақсатына жетіп, оқушылардың белсенді қатысуымен, жағымды психологиялық ахуалда өтті.

Педагог-психолог: Алтайбаева А.Е.