"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық онлайн оқыту семинарларының сериясы шеңберінде «Педагог-психологпен оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында семинар өткізу туралы

Жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибелерді тиімді енгізу бойынша мектеп педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында 18.04.2024 жылы облыс мектептерінің педагог-психологтарына арналған «Педагог-психологпен оқушыларды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында оқыту семинарының 2-ші күні өтті. Модератор Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Инара Ибраимовна Ермұханова болды. Семинарға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері де қатысты.

Ресурстық орталықтың мамандары С. Б. Бейсембаева және № 2 МЛ педагог-психологы О. А. Маймескулова педагог-психологтың ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс істеудегі құжаттамасын жүргізу, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, ЕББҚ бар оқушыларды психологиялық сүйемелдеудің жеке-дамытушы бағдарламаларын жасау мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Көкшетау қаласындағы № 14 ЖББМ ИББҚК педагог-психологы Ю. И. Панчук ИББҚК психолог жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді. Жарқайың ауданы Н. Крупская ЖОББМ педагог-психологы А.А.Манатов АСБ бар балалармен жұмыс істеуде сенсорлық ойындарды пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Вolashaq Saraiy» ППҚ бөлімінің әдіскері Д.С.Какабаева арт-терапияны ЕББҚ бар балалармен жұмыста қолданумен бөлісті.

Семинар барысында облыс педагог-психологтары ЕББҚ бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша қызықтыратын мәселелерді талқылап, осындай семинарларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

                                                                                          

Жаңартылған күні: 18.04.2024 20:21
Құрылған күні: 18.04.2024 20:30

Текст