"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республика күніне арналған іс-шаралар бойынша АНЫҚТАМА

Республика күніне арналған іс-шаралар бойынша

АНЫҚТАМА

 

  Қазақстандағы Республика күні-күрделі тарихы бар мереке. 2022 жылғы маусымда Ұлттық құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін мерекелеуді қалпына келтіруді, оған ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл факт елдің егемендігі туралы декларацияның маңыздылығын көрсетеді, ол тәуелсіздік жолындағы алғашқы маңызды қадам, мәні әділетсіз ұмытылған Қазақстанның жаңа тарихының анықтамалық нүктесі ретінде қарастырылады. 

25- қазан - Республика күні ұлттық мерекеге орай мектебіміздің іс-шаралар жоспары бекітілді.

Республика күніне орай қазанның 21 – і күні 1-11 сыныптарда «Қыран елім - Қазақстаным» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.  https://www.instagram.com/reel/DBZero9M5cX/?utm_source=ig_web_button_share_sheet 

https://www.instagram.com/reel/DBiO3ZnsVIs/?utm_source=ig_web_button_share_sheet 

https://www.instagram.com/reel/DBc9ZtuIzq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Апта бойы 1-11 сыныптары «Республика ерікті ел – Қазақстан» атты бейнеқұттықтауларын жіберді, инстаграм желісіне жарияланып отырды.  https://www.instagram.com/reel/DBiM2eGMmtT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/reel/DBiMg-Hselw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DBiMYKrsy49/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DBgvVsOsxki/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Республикалық бірыңғай «Патриотизм дауысы» мемлекеттік әнұранды жаппай орындау іс-шарасына оқушылар белсенді қатысты. https://www.instagram.com/reel/DBgXc_osJpj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  

https://www.instagram.com/reel/DBad-ATMABY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

2024 жылдың 23 қазанында оқушылардың бойындағы патриоттық рухты арттыру мақсатында 9 сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Биржанова М.У. «Республикам – байтағым менің» тарихи-танымдық сабағын өткізді.  

https://www.instagram.com/reel/DBiNz4GMqun/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Республика күніне орай мектеп кітапханасында 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында таным сағаты өтті. Оқушылар шараға белсене қатысып, Отанымыз Қазақстан туралы көптеген мәліметтермен танысты, викториналық сұрақтарға жауап беріп, кітап көрмесіне қойылған басылымдармен танысты.

https://www.instagram.com/p/DBgSyW4MeuB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

2024 жылдың қазанның 24-і күні  «Менің елім – Қазақстан» патриоттық әндерді орындау салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шара өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында дамыту және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Айтулы күннің қарсаңында мектебіміздің 1-8 сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді. Мектептің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар,  өршіл, қайсар, дәстүрімізді қастерлейтін, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдады.

 «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері — әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

 

https://www.instagram.com/reel/DBqDuBZMFy4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

Дайындаған: Таттыгожина А.К.

Жаңартылған күні: 30.10.2024 20:34
Құрылған күні: 30.10.2024 20:34

Текст