"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық онлайн оқыту семинарларының сериясы шеңберінде «ЕББҚ бар оқушыларды арнайы педагогпен сүйемелдеу» тақырыбында семинар өткізу туралы

18.04.2023 жылы облыс мектептерінің арнайы жалпы білім беретін сыныптарда ЕББҚ бар оқушыларды оқытатын мұғалімдерге арналған «ЕББҚ бар оқушыларды арнайы және жалпы білім беретін сыныптарда мұғалімнің (пән мұғалімнің) сүйемелдеуі» тақырыбы бойынша оқыту семинарының 5-ші күні өтті. 

Көкшетау қалалық білім бөлімінің инклюзивті білім беру әдәскері Жайлауова Гүлнар Өмірбекқызы алғы сөзін айтты. Семинар модераторы Көкшетау қ. С.Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейінің инклюзивті білім беруді үйлестірушісі, мұғалім-дефектолог Жусупова Роза Корданбаевна болды.

Семинарға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері де қатысты.

Көкшетау қ. №19 ЖОББ мектебінің инклюзивті білім беруді дамыту Ресурстық орталығының үйлестірушісі, Ақмола облысы білім басқармасы әдістемелік кабинетінің инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері, арнайы педагог, арнайы (дефектологиялық) білім беру магистрі “ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімнің құжаттамасы” тақырыбымен бөлісті.

Көкшетау қ. №4 ЖОББМ педагог-ассистенті Кекенова Гульмира Аманжоловна «Бастауыш сыныптағы қарым-қатынас және әлеуметтік дағдылары бұзылған балаларға арналған сабақтардағы ойын интеграциясы» туралы тәжірибемен бөлісті, ал Көкшетау қ. С.Жүнісов атындағы  №18 мектеп лицейінің бастпуыш сынып мұғалімі Канафина Гүлнар Шоматқызы «Бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәнінен білімінде жетіспеушіліктерді толықтыру түзету компоненті» сабағын көрсетті.

№19 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Адылова Ләззат Қайратқызы «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау» және қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері Бекен Жәмила Амангелдіқызы мен Тогубаева Алтынай Қайыржанқызы «Қазақ тілі пәнін ЕББҚ бар оқушыларға оқыту» тақырыптары бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Орынд.: Жанғали І.Ә.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.04.2023 10:37
Құрылған күні: 19.04.2023 11:23

Текст