Ұйымдар тізімі
Тақырыбы: «Агрессияны қалай жеңуге болады?»
психологиялық тренингі
Өткізілген орны: Мәжіліс залы
Қатысушылар: 8- сынып оқушылары
Өткізген: Педагог-психологтар
Мақсаты:
Оқушылардың агрессиялық мінез-құлықтарын анықтау, оның себептері мен салдарын түсіндіру, агрессияны басқару және жағымды қарым-қатынасқа бағыттау.
Тренинг мазмұны:
Іс-шара барысында оқушылармен дөңгелек үстел форматында ашық әңгіме жүргізіліп, агрессия ұғымы, оның түрлері мен адам өміріне әсері туралы түсіндірілді. Оқушылар өздерінің эмоцияларын басқаруға бағытталған жаттығулар орындап, рөлдік ойындар арқылы түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету тәсілдерін меңгерді.
Қорытынды:
Тренинг нәтижесінде оқушылар өз агрессиялық эмоцияларын тануды және оны бейбіт жолмен жеңудің қарапайым әдістерін меңгерді. Қатысушылар ашық пікір алмасып, бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды эмоциялық ахуал қалыптасты.


Психолог: Алтайбаева А.
Қазақстан Республикасының...