Текст
Инклюзивті білім беру.
Ерекше қажеттіліктер-ерекше жағдайлар.
2019 жылғы 27 ақпанда Ақмола облысында инклюзивті білім берудің бірінші облыстық фестивалы өтті. Оқу-тәрбие үдерісіне инклюзивті практиканы енгізу тәжірибесін жинақтау және таратуға белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша Көкшетау қаласы №19 орта мектебі ресурстық орталығы марапатталды.
Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты М.У. Ибраев Көкшетау қаласы №19 орта мектебінің директоры Қ.Қ. Шаймерденовке диплом табыс етті.