Ұйымдар тізімі
Дислексия— жалпы оқуға қабілеті сақтала отырып, оқу және жазу дағдыларын меңгерудің таңдамалы бұзылуы. Олар:
-жазу дағдыларын меңгеруімен байланысты мәселелер;
-сауаттылық мәселелері;
-арифметиканы меңгеруге қатысты мәселелер;
-моториканың және координацияның бұзылуымен байланысты проблемалар;
-зейінді сақтау қиындықтары.
Дислексияның тағы бір түрі — әріптік дислексия кездеседі. Ол мәтінді көшіріп жазу кезінде бірге тұрған әріптердің ретінің өзгертуімен ерекшеленеді.
Сипаттама
Қазіргі уақытта дислексияның бірнеше түрлі анықтамалары бар.
Дислексия - нейрологиялық шығу тегіне ие оқудың айрықша қабілетсіздігі. Ол нақты және жүрдек түрде сөздерді тану кезінде пайда болған қиындықтар мен жеткіліксіз оқу және жазу дағдыларымен сипатталады. Дислексияның қосымша салдары оқыған ақпаратты түсінбеумен байланысты мәселелерді қамтиды, ал олар өз ретінде сөздік қордың толық жетілуі мен жалпы білім алуына тосқауыл ретінде қарастырылуы мүмкін.
Дислексияны анықтау үшін екі тәсіл қолданылады. Соның бірі - педагогикалық. «Дислексия - бұл жоғары психикалық функциялардың бұзылуынан немесе толықтай жетілмеуінен туындаған және қайталанатын тұрақты қателіктер арқылы көрінетін оқу процесінің ішінара спецификалық бұзылуы».
Дислексияны анықтаудың басқа тәсілі - клиникалық-психологиялық. Осы ғылыми ұстанымға сәйкес келетін анықтама: «Дислексия немесе оқу қабілетінің спецификалық бұзылуы деп интеллектуалды (және сөйлеу) дамуының жеткілікті деңгейіне ие болуына, есту және көру анализаторлардың бұзылыстарының болмауына және білім алудың оптималды жағдайлардың болуына қарамастан оқу дағдысын меңгере алудың тұрақты әрі таңдамалы қабілетсіздігі. Соның ішінде ең негізгі бұзылу деп буындарды бірге қосу және толық сөздермен автоматты түрде оқуды меңгере алмауды айтады. Дислексияның негізінде оқу дағдысының функционалды базисін құрайтын спецификалық церебралдық үрдістердің бұзылуы жатыр».
Дислексия көру және есту қабілетінің бұзылуы сияқты басқа себептерден туындаған оқу дағдыларын меңгеру қиындықтардан ажыратылады. Оларды спецификалық емес немесе қосымша оқу қабілетінің бұзылуы деп те атайды. Дислексия олардан бұзылыстардың тұрақтылығымен және таңдамалылығымен өзгешеленеді.
«Дислексия» термині оқу мен жазуда қиналатын балалардың құрама тобын білдіреді.
Математика, физика, кескіндеме немесе музыка секілді басқа көптеген салаларда бала керемет қабілеттерді де көрсете алады.
Дислексияның негізгі белгілері: баяу, буындармен немесе әріптермен оқу, әріптерді орындармен ауыстыру немесе орнына басқа әріптерді қолдану түріндегі қателіктермен оқу; оқылғанның мағынасын түсіну әртүрлі дәрежеде бұзылу мүмкін.

Логопед-мұғалім: Кульмаганбетова Газиза Елшибековна