"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша Ақмола облысы жалпы білім беретін мектеп директорларының облыстық форумының секциялық отырысы.

«Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша

Ақмола облысы  жалпы білім беретін мектеп директорларының

облыстық форумының секциялық отырысы.

 

2019 жылғы 23 сәуірде Көкшетау қаласының № 19 орта мектебінде «Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша Ақмола облысы  жалпы білім беретін мектеп директорларының облыстық форумының секциялық отырысы өтті.

Облыстық форумның секциялық отырысы Көкшетау қ. №4 ОАТМИ оқушыларының қатысушыларға арнап «Ерекше балалардың мәселелері» деп аталатын театрланған музыкалық қойылым көрсетілуімен басталды.

 

 

Модератор ретінде Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты М.У. Ибраев сөз сөйледі.

 

 

Облыстық форумның секциялық отырысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, білім магистрі М.А. Дударева Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық сүйемелдеу туралы хабарлады.

 

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау мәселелерін қамтитын аймақтық жоспарлар мен бағдарламаларға шолу  бойынша Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы, «Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша ғылым магистрі М.Ж.Темирбаева сөйледі.

 

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және жалпы білім беретін мектептердің өзара әрекеті туралы  Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңесі меңгерушісі     С.Б.Ескендирова хабарлады.

 

 

Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы аутизмінің таралу мәселелерінің өзектілігі жөнінде Көкшетау қаласы №10 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі С. Л. Лобурь. сөйледі.

Халықтың қауқары аз топтары үшін білім беру объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманың нормалары туралы  Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б.Д. Кусаинова хабарлады.

Мектеп директорлары мектептің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжірибесінен пікір алмасты.

Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ресурстық орталықтың негізгі мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беруде ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану керектігін өз сөзінде мектеп директоры К.К Шаймерденов атап өтті.

Мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар жалпы білім беретін сыныптарда және ПДТ балаларға арналған арнайы сыныптарда оқытылады. Барлық оқушылар облыстық және қалалық деңгейдегі сайыстарға,арнайы олимпиадаларға, спорттық және шығармашылық іс-шараларға толық қатысады. Мектептің материалдық-техникалық базасы жетілдіріледі, қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

 

 

№19 ОМ  Инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасымен Көкшетау қ. № 19 орта мектебінің дефектолог-мұғалімі, жалпы білім беретін мектептерге инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша облыстық Ресурстық орталықтың үйлестірушісі О.Г Дмитриева-Лепешева таныстырды.

№19 ОМ директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары А.В. Белицкая  білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ақпараттық жүйелерді пайдалану туралы мектеп жұмысының тәжірибесімен бөлісті.

Жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беруді енгізу мониторингін жүргізу шараларымен мектеп директорларын М.У.Ибраев таныстырды.

 

Секция отырысы қатысушыларды жалпы фотосуретке түсірумен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: Мухамедрахимова А.Ж.

             О.Г.Дмитриева-Лепешева.

 

Жаңартылған күні: 25.04.2019 08:51
Құрылған күні: 25.04.2019 08:53

Текст