"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сөйлеу дамуының кідірісі бар балалардың сөйлеуін дамыту бойынша ата-аналарға ұсыныстар⠀

Егер баланың сөйлеуіне алғашқы үш жылда көп көңіл бөлінбесе, болашақта көп күш қажет болады. Осы кезеңде ми-дың сөйлеу аймақтарының талдамалық жетілуі аяқталады, ана тілінің негізгі нысандарын меңгереді, сөздің көп қорын жи-нақтайды. Сөйлеуді дамытудың кідірісі сөйлеу дамуының кідірісінде де, сөйлеудің табиғи бұзылуында да көрінуі мүмкін.

Сөйлеуді дамытуды ынталандыру үшін келесі ұсыныстарды назарға алу қажет:⠀

- баламен жиі сөйлесу, баланың сөйлеу қажеттілігін сезінетін жағдайларды жасау;⠀

- әр түрлі тұрмыстық жағдайлардағы баланың өз іс-әрекеттері: тамақтану, жуыну, серуендеу кезінде үнемі түсініктеме беру («сөзбен айту»);⠀

- баланың пәндік және ойын іс-әрекетіне белсенді қатысу, сөйлеуді пайдаланудың эмоционалды ойын жағдайларын жасау;⠀

- қарапайым және күрделі айқындамаға сүйене отырып, практикалық іс-әрекет процесінде біртіндеп сөздік қорын жинақтау, яғни балаға алдымен оңай сөздерді, содан кейін күрделі сөздерді қайталауды ұсыну. Сөздердің мүлдем дұрыс айтылуын талап етпеу, үнемі тыйып тастаудан және үйретуден аулақ болу. Баланы жиі мадақтау және эмоциямен қолдау қажет;⠀

- алдын-ала атаулардың көп көлемін жинауға тырыспаңыз. Ең алдымен баланың басқалармен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін сөйлемдерді дамыту;⠀

- баланың сөйлесуге деген кез-келген әрекетін ынталанды-рыңыз: сіздің кішкентайыңыз оны тыңдағыңыз келгенде ғана сөйлей бастайды;⠀

- баламен баяу, қысқа сөз тіркестері мен сөйлесу керек, дұрыс сөйлеуді қолдана отырып, «балалар тіліне» өзіңіз ауыспаңыз және басқа ересектерге олай жасауға рұқсат етпеңіз;⠀

- күн сайын балаға кітап оқыңыз; оның құлықсыздығына көңіл аудармаңыз, бір кітапты бірнеше рет оқуға тура келсе, ашуланбаңыз.⠀

- баланың әр сұрағына жауап бере отырып, қызығушылығын, сұрақ қоюға деген ұмтылысын ынталандырыңыз;⠀

- баланы басқа балалармен салыстырмаңыз.

№ 19 ОМ мұғалім-дефектолог, логопед А.Б. Нургасымова

Жаңартылған күні: 15.03.2021 22:15
Құрылған күні: 15.03.2021 22:18

Текст