"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы аясында өткізілген іс –шаралар анықтамасы

Қарттар мен мүгедектерді  әлеуметтік қолдау  айлығы аясында өткізілген іс –шаралар анықтамасы

 

   Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді.

Қалалық білім бөлімінің жоспары негізінде мектебімізде қарттар мен мүгедектерді  әлеуметтік қолдау  айлығы аясында атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

Қазанның 1-нде «Қарттарым-асыл қазынам» атты қарттарға арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекеге еңбек ардагері мен осы мектепте жұмыс істеген зейнеткерлер Карпова В.Г., Тасмаганбетова К.С., Гайдаренко В.Н., Ибрагимова К.Ж., Миненко Г.Б., Нубаева Р.Т. шақырылды. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер қарттарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, апа – әжелерінің шапағатына бөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті. Концерттің соңы мерекелік дастарханға ұласты.

    

Қалалық білім бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ваша любовь в вашей заботе» челленджіне «Жас ұлан» ұйымының мүшелері қатысып, мектеп оқушылары атынан видеоқұттықтау дайындады.

Қарттар мерекесіне арналып «Менің сүйікті әжем мен атам» тақырыбы бойынша  бастауыш сыныптарда суреттер байқауы өткізілді.

5-6 сынып оқушыларының арасында шығарма сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Шығармаға жазуға ниет білдірген оқушылар аз емес. Алайда, шығармада жазуда ерекше көзге түскен оқушылар белгіленіп, марапатталды.

Сайыстың қорытындысы:

І орын –  Шаймұратқызы Нұрсұлу

ІІ орын – Ерік Алинура

ІІІ орын –  Абдильманова Альмира, Қасымжанова Ансаған.

1-11 сыныптарда «Біз алтын жасты мақтаймыз», «Уважать старость –смотреть в будущее» сынып сағаттары өтті.

6 "В" сынып жетекшісі Иманбаева С.К. өткізген «Қарияcы бар ел -қазыналы ел!» атты сынып сағатынан көрініс.

   

7 «Г» сыныбында өткен сынып сағатынан көріністер.Сынып жетекшісі Газизова Ж.С.

3 "В" сыныбының жетекшісі Алиаскарова Ж.А. "Біз алтын жасты мақтаймыз" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылар қарттарға арналған тақпақтар айтты. Жағдаяттан шығу жолдарын іздеп, өз пікірлерін талдап шықты. Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе? -деген сұраққа жауап беріп, өз ойларын айтты.

6 "Ж" сыныпта Боранбаева М.А. "День добра и уважения" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты өте қызықты өтті. Сынып жетекшісі қойылған міндеттерді толық жүзеге асырды.

Б. С. Альжанованың ұйымдастыруымен  9-11 сынып оқушыларыны қатысуымен қарттар күніне арналған «Новое поколение выбирает уважение»  атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл күні зейнеткерлерге жылы, жақсы сөздер айтылды.

 9 қазан күні мектепшілік жоспарға сәйкес 7-8 сынып оқушылары арасында "Нам года – не беда!" атты фотокөрме өткізілді. Ұйымдастырған Газизова Ж.С. Осы іс-шараға оқушылар өздерінің әжелері мен аталарының, егде жастағы туысқандарының қызықты суреттерін әкелді.

              

8 «А» сыныбында "Біз алтын жасты мақтаймыз" атты қарттар күніне орай сынып сағаты өтті. Сынып сағатына алдын-ала сынып жетекшісі сурет салу үй тапсырмасын берген болатын. Оқушылар белсенді түрде тапсырманы орындады.

 

Мектебімізде қарттар мен мүгедектерді  әлеуметтік қолдау  айлығы аясында атқарылатын іс-шаралар жалғасын табуда.

 

 

                                                                             Орындаған: А.Т. Молдакова

Жаңартылған күні: 17.10.2019 22:19
Құрылған күні: 17.10.2019 22:23

Текст