"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Көкшетау қаласы №19 ЖОББМ 2026-2027 оқу жылындағы жоғары сынып оқушыларын психологиялық сүйемелдеу жұмыстары

Көкшетау қаласы №19 ЖОББМ 2026-2027 оқу жылындағы жоғары сынып оқушыларын психологиялық сүйемелдеу жұмыстары

      

2026-2027 оқу жылының басталуына орай мектебіміздің психологиялық қызметі 9, 11 сынып оқушыларының тұлғалық-эмоционалдық әлеуетін дамыту, оқу үдерісіне бейімделуін жеңілдету және түлектерді қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге жүйелі түрде психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттеріне сай жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың және психологиялық тұрғыдан сүйемелдеудің кешенді бағдарламасы бекітіліп, іске асырылу сатысына көшті. Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ахуалын бағалау мақсатында мониторинг жүргізіліп, оқушылар арасындағы қарым-қатынас пен сынып ұжымдарындағы психологиялық климаттың ерекшеліктерін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.

Оқу үдерісі мен тұлғааралық қарым-қатынас жүйесін оңтайландыру мақсатында жоғары сынып оқушыларымен жеке психологиялық кеңестер ұйымдастырылды. Кеңес барысында оқу мотивациясын арттыру, жаңа оқу жылына бейімделуін жеңілдету, оқушылар арасындағы коммуникативтік кедергілерді жою және тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру мәселелері бойынша психологиялық көмек көрсетілді.

Жасөспірімдердің күнделікті оқу жүктемесі мен емтиханалды кезеңдегі мазасыздық деңгейін төмендетуі, сондай-ақ психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыруы психологиялық қызметтің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Алдағы уақытта оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатын арттыруға, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға және емтихандарға сенімді түрде дайындалуға бағытталған жаттығулар, стресс-менеджмент элементтері мен арнайы тренингтердің тұрақты түрде жүргізілуі жоспарлануда.

  ​

Педагог-психолог: Жусупова М.Е.


Текст