"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпы білім беретін ұйымдар жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» облыстық семинары туралы ақпарат

«Жалпы білім беретін ұйымдар жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»

 облыстық семинары туралы ақпарат

 

2019 жылғы 27 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Көкшетау қаласының № 19 орта мектебінде инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша тірек мектептер мен балабақшалар үйлестірушілеріне арналған облыстық семинар өтті.

Модератор ретінде Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты                М.У. Ибраев сөз сөйледі. Семинарға қатысушыларға білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы  М.Ж.Темірбаева құттықтау сөз сөйлеп, 2014 жылдан бастап инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша облыстық Ресурстық орталық болып табылатын Көкшетау қаласының № 19 орта мектебінің жұмыс тәжірибесі жөнінде айтып өтті.

Ресурстық орталық қызметінің негізгі мақсаты мектеп директоры К.К. Шаймерденованың айтуы бойынша - инклюзивті білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін эксперименттік және перспективалық педагогикалық тәжірибенің табысты нәтижелерін жинақтау және тарату жолымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту технологиялары мен әдістемелерін енгізу және дамыту болып табылады. 

Семинардың практикалық бөлімінде Көкшетау қ. № 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандары көзі көрмейтін балалармен, кохлеарлы импланты бар балалармен, тірек-қимыл аппараты бұзылған, аутизмі бар балалармен бейне сабақ үзінділерін көрсетті.

Мектеп педагогтары «Инклюзивті тәжірибені жетілдірудегі мұғалімдердің көшбасшылығы» тақырыбындағы жобаларды таныстырды, № 19 ОМ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған бейімделген білім беру бағдарламасын құру бойынша тәжірибелерімен және материалдарымен бөлісті. 

Қатысушылар «Мәселелерді ұжымдық шешу-мұғалімдер мұғалімдерге көмектеседі» тренинг қатысушылары кері байланыс сауалнамасын толтырып, онда толғандыратын сұрақтар мен ұсыныстарын, тілектерін айтты.

Семинар барысында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуға байланысты мәселелер талқыланды.

Жаңартылған күні: 02.04.2019 15:18
Құрылған күні: 02.04.2019 15:22

Текст