Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:
әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта
- әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)
- ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін
- осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса
- бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт
- біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар).
- саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
- сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
- әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
- сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
- саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
- жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
- сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Кез келген адамның кибербуллингке ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.