Ұйымдар тізімі
Қызықты психология апталығы.
Оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау, оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту ықпал ету мақсатында 08.12.2025ж «Қызықты психология» тақырыбында
психология апталығының ашылуы мұғалімдермен оқушыларды көңілді қарсы алумен басталды. «Күннің көзі», «Жүрек»және «Көңілді қуыршақтар» костюмін киген педагог-психолог,оқушылар тәтті және жақсы сөздер жазылған жүрекшелер таратты.
5-9 сынып оқушылары"Жақсы тілек ағашы" акциясында 9-11 сынып оқушыларына, мұғалімдерге тілектерін жазып, ағашқа ілді. Үзіліс кезінде оқушылармен ойындар өткізілді.
«Қызықты психология» тақырыбында
психология апталығының жоспары бойынша «Жақсы көңіл-күй комиссиясы» тақырыбы бойынша келген оқушылар өз көңіл- күйлеріне байланысты смайликтерді таңдап алды.
8 сыныптар оқушыларымен«Сымбатты болу –шартымыз!» - көркемдік әдістерді қолданып, үзілісте флешмоб ұйымдастырылды.Сонымен қатар «1сұрақ,1 бауырсақ» айдары бойынша оқушылар мен мұғалімдерге қызықты логикалық сұрақтар қойып,дұрыс жауап бергендерге бауырсақ таратылды.Үзіліс кезінде оқушылар мен қызықты психологиялық ойындар өткізілді.
Оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау, оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту ықпал ету мақсатында өтіп жатқан«Қызықты психология» тақырыбында
психология апталығының бүгінгі күні «Демалыңыз. Өзіңізге көңіл-күй сыйлаңыз!»акциясынан басталды. Оқушылар мұғалімдерге күш-жігер беретін жылы сөздер таратты.
Мұғалімдер арасында эмоционалды күйзелістің алдын алу мақсатында әуенді терапиядан бастап, «Жақсы көңіл-күй жанға қуат береді» тақырыбында тренинг өткізілді.Сонымен қатар үзіліс кезінде оқушылармен қызықты, психологиялық ойындар өткізілді.
Апталықтың 4-күнін «Демалыңыз. Өзіңізге көңіл-күй сыйлаңыз!»акциясын жалғастырып, мұғалімдерге мотивациялық жылы сөздер жазылған ашық хаттар таратты.
Жақсы көңіл-күй километрі» - тақырыбы бойынша 7түсті-Люшер әдістемесі қолданылды.
Көңіл-күй диагностикасы өткізілді.
Оқушылардың көңіл - күйін көтеру, қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, топтасып жұмыс істеу, ауызбіршіліктерін нығайту мақсатында «Көңілді үзілісте» ойындар ойнатып, логикалық сұрақтарға жауап берді.
«Қызықты психология» тақырыбында
психология апталығының жоспарына сай апталықтың соңғы күні
«Жақсы көңіл-күй комиссиясы» - акциясын жалғастырып, 4-сынып оқушыларымен «CHOCODAY» күні өткізілді. Оқушылар өзара тәттілер сыйлады. Оқушылар өте риза болды.
«Көңілді үзіліс» бүгінгі күні ерекше өтті. Мәжіліс залында, дәлізде ойындар ойналып, тренинг өткізілді.
5 сыныптың қыздары «Бой жеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» фото көрмесін ұйымдастырып, белсене қатысты.
Апталықтың жабылуында белсенеқатысқан оқушылар аталып өтті.
Қазақстан Республикасының...