Ұйымдар тізімі
Анықтама
Тақырыбы: «Нашақорлыққа жол жоқ!»
Форматы: Дөңгелек үстел
Өткізілген күні: 17.10.2025
Қатысушылар: Педагог- психолог, әлеуметтік педагог, оқушылар
Мақсаты:
Жастарды есірткінің зиянды әсерінен сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу.
Өту барысы:
Бүгінгі баяндамамның тақырыбы – «Нашақорлыққа жол жоқ». Бұл тақырыптың өзектілігі өте жоғары, себебі қазіргі таңда қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік мәселелердің бірі – нашақорлық.
Нашақорлық — адам денсаулығын, санасын, рухын улайтын қауіпті дерт. Есірткіге үйренген адам өз өмірін ғана емес, отбасының да, қоғамның да тыныштығын бұзады. Бір рет қызығушылықпен қолданған нәрсе ақырында өмірлік тәуелділікке әкеледі. Есірткі адамның жүйке жүйесін бұзады, психикалық тепе-теңдігін жояды, ойлау қабілетін әлсіретеді. Денсаулық қана емес, адамдық қасиет те жоғалады. Сондықтан да әр адам өз өміріне жауапкершілікпен қарап, жаман әдеттерден алыс болу керек. Мемлекетімізде нашақорлықпен күрес мақсатында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Дегенмен, ең басты күрес – әр адамның өз бойындағы ерік-жігер мен санада болуы тиіс. Жастар – ел болашағы. Сол себепті жас ұрпақ есірткіден алыс болып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Психологиялық сағат барысында оқушыларға презентация көрсетіліп және бейнефильм көрсетілді. Презентация бейнефильм бойынша оқушыларға сұрақ қойылып сұрақтарына жауап алынды .Өздері де пікірлерін ортаға салды. Жалпы іс шараға 8 сынып оқушылары қатысты 18- оқушы және әлеуметтік педагог,психолог мамандары қатысты. Әлеуметтік педагог Шалабаева Ш.К. оқушыларға нашақорлықтың алдын –алудың кейбір жағдайаттарды мысалға келтіріп оның шешу жолдары туралы айтып өтті. Педагог-психолог тренинг элементері арқылы нашақорлықтың алдын алу шараларын жасады.
Қорытынды: Біз бәріміз бірігіп нашақорлыққа жол бермесек, қоғамымыздың болашағы жарқын болмақ.
Ұсыныс:
Мектепте нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстары мен тәрбие сағаттарын жүйелі түрде өткізу.
Қатысушының біліктілік...