"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік семинардың өткізілуі бойынша ақпарат

Мектепішілік семинардың өткізілуі бойынша ақпарат

 

2020 жылдың 13 қараша күні № 19 ОМ психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қараша айының жұмыс жоспары бойынша  «№ 19 ОМ білім алуында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы бойынша мектеп педагогтарына арналған оқыту семинары өтті.

Семинар мақсаты: білім алуында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқытатын педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ету.

Семинар қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы өткізілген. Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:

  1. № 19 ОМ инклюзивті білім беру үйлестірушісі Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы «№ 19 ОМ білім алуында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға жағдайлар жасау туралы ақпарат» тақырыбы бойынша баяндады;
  2. №19 ОМ мұғалім-дефектолог, логопед Нургасымова Анель Беркиндиновна «Аутистикалық спектрі бұзылған оқушыларды оқыту бойынша педагогтарға ұсыныстар» бойынша баяндады;
  3. №19 ОМ педагог-психологы Абдуалиева Роза Серикпаевна «Оқу процессінде оқушыларды психологиялық қолдау» туралы баяндады;
  4. № 19 ОМ инклюзивті білім беру үйлестірушісі Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы құрастырылған «ЕБҚ бар балалардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды» талдау өткізді.

Мектеп педагогтары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары үшін семинар табысты өтті, қойылған сұрақтарға жауаптар табылды.

Жаңартылған күні: 17.11.2020 11:26
Құрылған күні: 17.11.2020 11:26

Текст