Ұйымдар тізімі
Қазан айында 8-сынып оқушылары арасында «Жүз жол – бірі сенікі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдаудың маңызын түсіндіру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт-бағдар беру, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ынталандыру.
Сынып сағаты барысында оқушыларға мамандық түрлері туралы ақпарат беріліп, мамандық таңдауда адамның қызығушылығы, қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылар өздерінің болашаққа деген жоспарлары мен қызығушылықтары туралы ой бөлісіп, түрлі мамандықтарға байланысты пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар мамандық таңдауда жауапкершілікпен қарап, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау қажеттілігі айтылды.
Сабақ соңында оқушылар өздеріне ұнайтын мамандықтарды атап, болашақта қандай мамандық иесі болғысы келетіндері туралы ойларымен бөлісті. Сынып сағаты оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт берді.
