"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.02.2022 ж. Ақмола облысы білім басқармасының жоспарына және Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру Кеңесінің отырыстар өткізу жоспарына сәйкес үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

22.02.2022 ж. Ақмола облысы білім басқармасының жоспарына және Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру Кеңесінің отырыстар өткізу жоспарына сәйкес үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2021 жылда үйлестіру Кеңесі өткізілген іс-шаралар қорытыңдылары мен 2022 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы үйлестіру Кеңесінің төрағасы, саяси ғыл.канд. Марат Өмірбайұлы Ибраев таныстырды.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекшісі М.А. Дударева инклюзивті білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерде өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері О.Г.Дмитриева-Лепешева Ақмола облысында инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша тірек білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу қорытындылары туралы мәлімдеді.

Тәжірибелік бөлімді Көкшетау қаласы № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің Ресурстық орталығы, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мектептің Ресурстық орталық моделінің жұмысымен таныстырды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысымен таныстырды.

 

Жаңартылған күні: 23.02.2022 11:06
Құрылған күні: 23.02.2022 11:06

Текст