"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан - ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім - қаламыздың мақтанышы.

Мектеп тарихы Көкшетау қалалық Халық депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитетінің 1990 жылғы 20 желтоқсандағы № 1647-22 "Центральный" шағын ауданында жобалық қуаты 1200 орынға арналған №19 орта мектепті ашу туралы шешімінен басталды.

Оқу орны ашылған күні "Отделстрой" ҚМБ (құрылыс монтаждау басқармасының) бас инженері Лужниченко Николай Николаевич жаңа ғимараттың символдық кілтін мектеп директоры Ибраев Марат Умербаевичке табыс етті.

Бұл атаулы күн туралы "Степной маяк" газетінде " Запоздалая, но настоящая радость" мақаласында жазылған.

1990-1991 оқу жылы– мектеп тарихындағы алғашқы оқу жылы.  №19 ОМ   1244 оқушы қабылданды, бұл– 42 комплект сынып,  7 бірінші сынып ашылып, 213 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.

 Жаңа мектепте 52 өзіне сенімді, талантты, шығармашыл мұғалім өз қызметін бастады. Олардың қатарында  Новицкий Николай Францевич, Сыздыкова Айна Ермековна,  Балгабекова Жания Самарбековна, Скрипаль Светлана Константиновна, Усатова Людмила Георгиевна, Плотникова Людмила Юрьевна, Петрова Ольга Константиновна, Федорова Татьяна Ивановна, Байшагиров Сайлаубек Жанбаевич,  Михайдарова Малика Жумалиевна, Карпова Валентина Геннадьевна,  Флегентова  Тамара Валентиновна, Боровикова Валентина Георгиевна, Катайцева Татьяна Васильевна, Ведьманова Лидия Эдуардовна,  Абетова Айман Улановна, Федурайкина Зинаида Ефимовна, Сидорова Галина Викторовна, Немцева Людмила Анатольевна, Шевчук Лариса Викторовна, Назарова Наталья Васильевна және т.б. болды.

Оқу бөлімінің меңгерушілері: Толчина Валентина Леонидовна,  Антоненко Мария Оттовна, Ефимова Валентина Леонидовна, Ахметжанова Светлана Бекетовна – директордың бірінші көмекшілері, өз ісіне берілген жандар еді.

1992 жылдан бастап мектеп директоры Марат Өмірбайұлы Ыбыраевтың бастамасымен сынып бойынша саралау басталды. Қалада алғаш рет педагогикалық қолдау сыныптары пайда болды. Бейіндік сыныптардағы жұмыс қалалық және облыстық олимпиадаларда алғашқы жеңістерін әкелді. Марат Өмербаевич облыстық «Жыл директоры» конкурсының жүлдегері болды.

1992 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балғабекова Жания Самарбекқызы қалалық "Жыл мұғалімі-1992" байқауында бас жүлдені иеленді.

Мектеп ақыны, тамаша өлеңдердің авторы, математика пәнінің мұғалімі Сайлаубек Жанбайұлы Байшагиров қалалық семинарларда шығармашылық есеп берді. Оның еңбегін әріптестері жоғары бағалады.

Қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылды. Алғашқы мұғалімдер: Нубаева Раушан Тасыбаевна және Жолдыбаева Роза Негметжановна.   

10-11 сынып оқушыларының кәсіби дайындығы басталды. Жеңіл киім тігіншісі, ағаш шебері мамандықтары енгізілді.

Ольга Константиновна Морозова басшылығымен "Искусница" шағын кәсіпорны жұмысын бастады, онымен  бірге бір құрамда Ирина Владимировна Морозова және Светлана Константиновна Скрипаль жұмыс істеді.

                1995-1996 оқу жылы оқушылардың қалалық пән олимпиадасында үлкен жеңістерімен атап өтілді: Даудрих Михаил – математика, информатика, пән мұғалімі - Тыныкенова Багдат Каримовна, Дементьева Наталья – қазақ тілі, мұғалімдері- Сегизбаева Бахыт Сеильхановна, Балгабекова Жания Самарбековна, Карпов Денис  – физика, пән мұғалімі- Жамышева Нагима Байгабыловна. 

Ұлдар құрама командасы ҰОС Жеңісінің мерейтойына арналған жеңіл атлетикалық эстафетада жеңіске жетті, оның құрамына 1000 метрге жүгіруден рекордсмен, жеңіл атлетикадан алғашқы Азия ойындарының күміс жүлдегері Мелешенко Евгений кірді.

         Кейін Дмитрий Фоминцов республикалық жеңіл атлетикалық турнирде жаңа рекорд орнатты.

1997 жылы  мектептің директоры болып  Ахметжанова Светлана Бекетовна тағайындалды. Оның оқу және  тәрбие ісі бойынша  орынбасарлары: Жамышева Нагима Байгабылова, Ли Татьяна Анатольевна,Скрипаль Светлана Константиновна,Новицкий Николай Францевич, Бекенова Клара Бижановна, Нурбекова Алма Еслямовна – оқу-тәрбие ісі табысты ұйымдастырды, сапалы білім беру мен әр бір оқушының қабілетін дамытуға, жеке тұлға тәрбиелеуге  бағытталған.

Қалалық білім бөлімінің бұйрығымен  1999 жылы түзету-дамыту сыныптары ашылды.

Жаңартылған күні: 04.04.2019 13:03
Құрылған күні: 30.09.2021 23:05

Текст