Ұйымдар тізімі
Көкшетау қ. № 19 ЖОББМ
АНЫҚТАМА
Тақырып: «Әлімжетікке жол жоқ»
Өткізген күні:20.02.2026 ж
Өткізген орны: Сынып бөлмесі
Мақсаты:
Оқушыларға әлімжеттіктің (буллингтің) зияны туралы түсінік беру;
Оқушыларды бір-бірінің құқығын құрметтеуге, жанашыр болуға тәрбиелеу;
Қиын жағдайларда көмек сұрау және көмек көрсету дағдыларын дамыту.
6 «А» сынып оқушыларымен «Әлімжетікке жол жоқ» тақырыбында Мектеп психологы, Алтайбаева А.Е. және Әлеуметтік педагог: Шалабаева Ш.К.
Сынып сағатын өткізді, өткізу барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып әр-түрлі буллингке байланысты қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, берілген тақырыпқа байланысты постер құрап, біраз мағлұмат алды.
Қорытынды:
Әлімжеттік – бұл тек бір оқушыға емес, бүкіл сынып ұжымына зиян келтіретін жағымсыз құбылыс. Бір-бірімізді құрметтеп, түсіністікпен қарап, қолдау көрсете білсек, мектепте қауіпсіз әрі жылы орта қалыптасады. «Әлімжеттікке жол жоқ» ұстанымын әр оқушы жүрегіне сіңірсе, достық пен сенімге негізделген берік ұжым құрылады.