Текст
«Қала мектептерінің ауыл мектептеріне қамқорлығы» жобасы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында Сейфуллин аулының мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ Көкшетау қаласының № 19 ЖОББ мектебінің әкімшілігі мен тәжірибелі ұстаздары әдістемелік көмек көрсетіп, «Мектепішілік жоспардың сапалы орындалуы бойынша әдістемелік қолдау көрсету», «Биология пәні бойынша оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары», «Мектептегі интерактивті оқыту: мультимедиялық ресурстар мен платформалар» тақырыптарында шебер сынып өткізіп,ұсыныстар берілді.