Ұйымдар тізімі
19.10.2022 мектепте өзін – өзі басқару ұйымының Президентінің сайлауы өтті. Сайлауға 8-10 сынып оқушылары арасынан 3 оқушы үміткер болып, өз бақтарын сынады. Олар: 8 «Б» сынып оқушысы Абдильманова Анель, 9 «В» сынып оқушысы Габдуллина Дильназ, 10 «В» сынып оқушысы Белгібай Аружан. Үміткерлер өз бағдарламаларын мектептің инстаграмм парақшасына жариялады және сыныптарды аралап бағдарламаларымен таныстырды.
Фракция мүшелері арасынан арнайы комиссия құрылды. 8-11 сынып оқушылары 1-ауысымда арнайы белгіленген уақыттарда дауыс берсе, 5-7 сынып оқушылары да 2-ауысымда белгіленген уақыттарда дауыс берді. Сонымен қатар мектеп ұстаздары да өз таңдауларын жасады.
16.00-де дауыс беру аяқталып, комиссия мүшелері дауыстарды санады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Габдуллина Дильназ 306 дауыс, Белгібай Аружан 269 дауыс, Абдильманова Анель 34 дауыс жинады.
Қорытынды мектептің инстаграмм парақшасында жарияланды.





Қатысушының біліктілік...