2024-2025 оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына 01.08.2024 бастап, Оқу ағарту министрлігінің Қазақстанда бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде “Балақайлар мектебі» ұйымдастырылды. Мақсаты: бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру.
«Балақай мектебі» мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.
Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында мектепте балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалынды. Бағдарлама бойынша оқыту 2 аптаға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізілді. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері сабақ берді.
Қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетті, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектесті.