Барлығы: 84,57 балл, оның ішінде:
Оқушылардың жетістіктері: соңғы екі оқу жылында – халықаралық деңгей – 24 орын, республикалық – 23,облыстық – 19, қалалық – 104. Атап өтсек, 2021-2022 оқу жылында қалалық пәндік олимпиадада орыс тілі мен әдебиеті бойынша 5 сынып оқушысы Хайролла Амина 1 орын, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 6 сынып оқушысы Тулкибай Адина 1 орын, химия бойынша 7 сынып оқушысы Қожамжар Нияз 1 орын, Рустемова Джамиля ағылшын тілі бойынша 9 сынып оқушысы 1 орын, Семаева Диана биология пәні бойынша 9 сынып оқушысы 2 орын, Есбулат Медина орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 орын, Шайдулинова Айлана құқық негіздері пәні бойынша 9 сынып оқушысы 2 орын, Сәрсенбаева Айғаным орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушысы 1 орын, Каримжанова Айнур қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 11 сынып оқушысы 2 орын, Құрмантас Томирис орыс тілі мен әдебиеті бойынша 10 сынып оқушысы 3 орын, Мұса Перизат ағылшын тілі бойынша 11 сынып оқушысы 3 орын, Ахметжанова Анар құқық негіздері бойынша 11 сынып оқушысы 3 орын жүлделі орындарға ие болды. Сәрсенбаева Айғаным 8-11 сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиададан республикалық жүлдегері атанды. 2022-2023 оқу жылында қалалық пәндік олимпиадада Сәрсенбаева Айғаным орыс тілі мен әдебиеті бойынша 1 орын, Амангелдина Аяжан ағылшын тілі бойынша 2 орын, Гиззатова Шадияр құқық негіздері бойынша 3 орын, Қайырлы Әмина орыс тілі бойынша 3 орын, Қасымжанова Аңсаған қазақ тілі бойынша 3 орын.Облыстық пәндік олимпиадада Сәрсенбаева Айғаным екінші орын алып, республикалық кезеңде грамотамен марапатталды. 5-8 сынып оқушылары арасында Ғазизова Амира орыс тілі мен әдебиеті бойынша 2 орын, Нұрлан Нұрай қазақ тілі бойынша 3 орын, Жүсіп Аянат биология бойынша 3 орын, Ұлан Мирас биология бойынша 3 орын, Әділхан Мадияр тарих бойынша 3 орын.
1-7 сыныптар арасындағы «Зерде» және 8-11 сыныптар арасындағы ғылыми жоба байқауының жетістіктері:
2021-2022 оқу жылы Қалалық ғылыми жоба қорғау барысында Семаева Диана 9 сынып оқушысы- І орын иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды, Петренко Ирина – 11 сынып оқушысы ІІ орын иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды; Теміржан Мөлдір, Бекбосынов Мағжан 10 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, Ибраева Аида 11 сынып оқушысы ІІІ орын иеленіп, Марашан Ирина 8 сынып оқушысы ІІІ орын, Темергалиева Дильназ 8 сынып оқушысы ІІІ орын, Жапар Амина 8 сынып оқушысы ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2021-2022 оқу облыстық кезеңі Семаева Диана 9 сынып оқушысы -ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Теміржан Мөлдір, Бекбосынов Мағжан 10 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2021-2022 оқу жылы 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының Қалалық кезеңі І орын - 2 оқушы Серікбай Замира, Газизова Алуа, ІІ орын – 4 оқушы Турубай Мейірлан, Әнісбек Айнур, Балташев Алданияз, Иманбаев Алишер; ІІІ орын – 2 оқушы Карпыкова Айлина, Нубай Фархана.
2022-2023 оқу жылы Қалалық ғылыми жоба қорғау барысында Мұсылманбек Әдемі – 3 сынып оқушысы ІІ орын иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Серикбаева Армангуль – 6 сынып оқушысы ІІ орын иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды; Кусаинова Мадина, Баяхина Аружан 10 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды; Еркетай Томирис, Ильяс Мадина 10 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2022-2023 оқу жылында Республикалық Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқуларының қалалық кезеңінде 9 «В» сынып оқушысы Әскер Аяулым «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы!» ғылыми жоба әзірлеу және қорғау номинациясы бойынша қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқау нәтижесінде облыстық кезеңіне қатысып, І дәрежелі дипломға ие болды. Байқаудың Республикалық кезеңіне Бас жүлдеге ие болды- 55, 07 балл.
Шаймерденов Канат Киянбекович ұжымның ортақ құндылыққа, ортақ мақсатқа, ортақ ұстанымға бірлесіп әрекет етуге, мұғалімдер арасындағы көшбасшылықты дамытуға және кәсіби педагогикалық қоғамдастық арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейінің дамуына, мектеп мәдениетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасауды басты міндеті деп санайды.Мектепте білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде жаппай біліммен қамту бағытында орасан еңбек атқаруда. Мұғалімдердің тәжірибесін, педагогикалық шеберліктерін шыңдауда қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өтетін жобалар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен форумдар, кәсіби сайыстарға, біліктіліктерін арттыру курстарына қатысуға бағыттап, мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейінің сапасын арттыруға бағыттап отырады.
Кандидатура «Ақмола облысының білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ комиссиясының 2023 жылғы 10 маусымдағы №4 хаттамасы бойынша талқыланған және ұсынылған.
«Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы